Previous Page  191 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 191 / 288 Next Page
Page Background

191

Дін мен Діл

майтындай көлемде ашылады. Ақыры үшіншісі де өзінің

ғұмырындағы тек Хақтың разылығы үшін атқарған бір

ісін айтып дұға еткен сәтте үңгірдің аузындағы тас ашы-

лып, үшеуі сыртқа шығады

243

. Кез келген адам өзінің

өмірде жасаған ізгі амалын себепкер етіп:

«Осы ісімді

тек Сенің разылығың үшін жасап едім, соның құрметіне

тілегімді қабыл ала гөр»

деп дұға жасауына болады.

• Ал енді кейбір ғалымдардың ғана қарсы шыққан

тәуассул түрі мынандай: Пайғамбарымыздың (с.а.у.)

немесе аса тақуа бір кісінің Ұлы Иеміздің алдындағы

мәртебесі мен Алла Тағалаға деген жақындығын себеп-

кер ету арқылы

«Сүйікті пайғамбарың Мұхаммедтің

құрметі немесе пәленше құлыңның мәртебесі үшін»

деп

тілек тілеу түрі.

Шынтуайтында, тәуассулдың бұл түріне байла-

нысты айтылған қайшы пікір – сөзде ғана болып отыр.

Себебі, барлық айтылған уәждер мен дәлелдердің арғы

астары – бір пікірде тоғысады. Олай дейтініміз, бұл

түрдің де негізгі астарына үңілсеңіз, жоғарыда барлық

ғалымдар бірауыздан қабылдаған

«ізгі істерді себеп-

кер етіп тәуассул жасау»

түрінің аясына кіретіндігін

байқаймыз. Себебі, бір кісі

«Пәленше құлыңның

құрметі үшін»

деп тәуассул жасап дұға еткенде,

«ол

кісінің ерекше тақуа»

екендігін себепкер етеді. Ал

ол тақуалыққа ізгі амалдарымен жетіп отыр. Ендеше,

«құрметі үшін»

деу арқылы тәуассул жасау – тақуа

кісінің ізгі амалдарының жиынтығын себепкер етіп

тәуассул жасау деген сөз. Ал ізгі амалдарды себепкер етіп

дұға жасауға барлық ғалымдардың келісетіндігі сөзсіз.

Бұған қоса,

«Пайғамбардың құрметі үшін»

деп тәуассул

жасауды – кісінің пайғамбарына деген сүйіспеншілігін,

Алла елшісіне (с.а.у.) деген шынайы иманынын себепкер

243

Бухари, Китабул-әнбия, Муслим, Китабур-риқақ.