Previous Page  195 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 195 / 288 Next Page
Page Background

195

Дін мен Діл

ге мәжбүр деген Мұғтазила ағымының алдын алу үшін

«садду зәриға»

негізінде айтқан болатын. Ал бірақ Имам

Ағзамның

«Пәленшенің құрметіне»

деп тәуассул жасау-

ға қарсы шыққандығын мәзһабындағы ешбір ғалым

жеткізбеген. Керісінше ханафи мәзһабының мұхаддис

һәм фақиһ ғалымы Мулла Алиул-Қари

«хақысы үшін»

деген сөздің уәжіптік мағынасында айтылған жағдайда

ғана мәкрүһ болатындығын білдірген. Өйткені уәжіптік

немесе мәжбүрлік мағынасында Алла Тағалаға ешкімнің

хақысы жоқ. Ал бірақ құрмет мағынасында қолданылған

жағдайда, мұның тәуассул түрінен болатындығын

айтқан...»

247

.

Ал Әбу Ханифаның негізгі шәкірттерінің бірі

мүжтаһид Әбу Юсуф

«Пайғамбарлардың немесе

Қағбаның хаққы (хақысы) үшін»

деп дұға жасауға бола-

ды деген

248

.

4. Атақты тарихшылардан:

Ибнул-Асир, Ташкиберді Зада, Ибн Тағриберди,

Низамул-Мулк әт-Туси, әл-Уақиди, Абдур-Рахман ибн

Халдун, Хажи Халифа, Әл-Муради сындылардың атын

атауға болады.

Тәуассулдің бұл түрінің шариғатқа қайшы

еместігін білдіретін кейбір дәлелдер

1. Сахих хадистегі тәуәссулдың бұл түрінің

дұрыстығына дәлел мына бір оқиғаға назар аударайық:

247

Нұруддин Али ибн Мұхаммед ибн Сұлтан Мұлла Алиюл-Қари,

Фатху Бабил-ъиная, 3-том, 185-бет.

«Даруд-диаа»

баспасы,

Мысыр, 2008 ж.

248

Рашид Рида, Тәфсирул-Мәнар, 11 том, 372-373-бет.