201
Дін мен Діл
үшін шықтым. Өзіңнен мені оттан құтқарып,
күнәларымды кешіруді тілеймін. Шын мәнінде
күнәларымды сенен басқа ешкім кешіре алмас» –
деп айтса, намазын бітіргенге дейін Алла Тағала ол
құл үшін кешірім телейтін жетпіс мың періштені
жібереді әрі Өзі де оған разылығымен қарайды»,
–
деген. Жоғарыдағы хадистен Алла Тағаладан барша
тілеушілер мен мешітке қарай жүрушілердің хаққы үшін
деп сұраудың шариғатқа қайшы емес екенін аңғаруға бо-
лады
255
.
Тәбәрік те тәуассулдың бір түрі
Абдул-Хамид ибн Жағфар әкесінен риуаят етті.
Халид ибн Уәлид
«Ярмук»
соғысында басындағы
сәлдесін жоғалтып алды.
«Іздеңдер»
деп сұраған еді,
жанындағылар оны таба алмады. Сосын қайтадан
«Іздеңдер»
деді. Жанындағылар сәлдені тауып алған
кезде ескі сәлде екенін байқады. Сонда Халид ибн Уәлид
былай деді:
«Алла елшісі (с.а.у.) умра жасаған кезде
шашын алдырып еді. Сахабалар самайының шашын
алуға ұмтылды. Мен олардан бұрын маңдайының
шашын алып үлгердім де, осы сәлдемнің ішіне қойып
қойдым. Осы шаш жанымда болған барлық соғыста
255
Бұл хадисті әл-Хафиз Ибн Хажар Асқалани, әл-Хафыз әл-
Ирақи, әл-Хафиз әл-Бағауи, әл-Хафиз әд-Димиати сынды хадис
ғалымдары
«сахих»
деп бағалаған.