Previous Page  204 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 204 / 288 Next Page
Page Background

204

Дін мен Діл

кездесіп жатады. Алайда тақуа адамның құрметіне Ұлы

Жаратушыдан мұқтаждығыңды сұраудың Аллаға серік

қосумен ешқандай байланысы жоқ. Себебі, тәуәссулда

сұралатын нәрсе басқадан емес, тек Алладан сұралады,

оған қоса сұралған нәрсені беруші себепкер етілген адам

емес, Алла Тағаланың жалғыз өзі. Әлжуаз адамның

біреудің мұқтаждығын өтей алмайтындығы айтпаса да

түсінікті.

Кез-келген адам ешкімнің себепкерлігін қолданбас-

тан қалаған нәрсесін Алладан тікелей сұрауына болады.

Яғни, тәуассул ету парыз яки дұғаның қабыл болуының

бірден бір шарты емес.

Алла Тағала

«Ғафир»

сүресінде:

«Маған дұға

етіңдер! Дұғаларыңа жауап беремін»

десе,

«Фати-

ха»

сүресіндегі

«Сенен ғана жәрдем тілейміз»

деген

аят арқылы құлдарының тек қана Өзінен жәрдем тілеуін

үйреткен. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Абдуллаһ ибн Аббасқа:

«...Бір нәрсе сұрайтын болсаң, тек қана Алладан сұра.

Жәрдем сұрайтын болсаң да тек қана Жаратқаннан

сұра»

261

деп насихат еткен.

Тәуәссул арқылы дұға еткен жандар жоғарыдағы

аяттар мен хадистерде айтылған жалғыз Алла Тағаладан

ғана жәрдем тілеу керектігіне қайшы іс жасамау-

да. Себебі, тәууәссулде сұралатын нәрсе тікелей Алла

Тағаладан сұралуда. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) әз са-

хабалары Мәдинада құрғақшылық болған кездерде

жаңбыр жаууы үшін Пайғамбарымыздан Алла Тағалаға

дұға оқуын өтінетінін жоғарыда келтірген болатынбыз.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) олардың өтінішін жерге тастамай

дұға ететін, артынша нөсерлетіп жаңбыр жауатын. Иә,

261

Мухаммад ибн Абдиллаһ Әбу Абдиллаһ әл-Хаким ән-Найсубури

(321-405 ж), әл-Мустадрак алас-сахихайн, 3-том, 624-бет. «

Дарул-

кутубил-илмия»

баспасы, Бәйрут, 1-ші басылым. 1990 ж.