209
Дін мен Діл
Ендеше, мұндай талас туғызар тармақ мәселелерде
бір-бірімізге түсіністікпен қарап, мұсылман үмбетін
бірлікке шақыруымыз керек. Себебі, ислам ғұламалары
мұндай тармақ мәселелерде:
«Шариғатта тарты-
сы жоқ – ортақ пікірдегі мәселелерде бір-бірімізге
көмектесеміз, ал әртүрлі пікірге ие тартысты
мәселелерде бір-бірімізге кешіріммен қараймыз»
266
деген
қағиданы ұстанған.
Иә, шынтуайтында, бүгінгі мұсылмандар мұндай
тармақ мәселелерді бір-біріне дәлелдеп, дауласу емес,
араларындағы бірлікті күшейтуге анағұрлым мұқтаж.
Бұл жерде айтылған шариғат өлшемдері мен талапта-
рына сай тәуәссулге байланысты келтірілген дәлелдерді
қазіргі таңда «халықты емдейміз» деп алаяқтықпен айна-
лысып жүрген кейбір топтар өздерінің қате істеріне айғақ
ретінде қолдана алмайды. Себебі, шариғаттың өлшемдерін
аяққа таптап, түрлі мүрде, бейіттердің басына барып мұң-
мұқтаждықтарын Алладан емес, сол бейітте жатқан адам-
дардан тікелей сұрап, серік қосудың бұл жерде айтылған
тәуәссулмен ешқандай байланысын жоқ екенін ескерте
кетейік.
266
Мухаммед Абдур-Рахман әл-Марғашли, әл-Ғина уәл-мәғазиф
фил-иғламил-муғасир уә хукмуһә фил-ислам, 2337-бет.
«Дәрул-
мағрифа»
баспасы, Бәйрут. 2006 ж. Және қараңыз, Юсуф
әл-Қардауи, Фатауа Муғасира, 2-том, 141-бет,
«әл-Мактабул-
ислами»
баспасы, 2000ж.