Previous Page  208 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 208 / 288 Next Page
Page Background

208

Дін мен Діл

Ал біздің қарсы шыққан нәрсеміз ол – жаратылғанға

(адамға) Аллаға етілетін дұғадан да артық түрдежалба-

рыну. Шейх Абдулқадир немесе басқа біреудің қабіріне ба-

рып, қиыншылықтарынан құтылып, тілектерінің орын-

далуын жалбарына отырып олардың жанында (тікелей

солардан) сұрау. Бұл жерде қане бір Алладан ғана сұрап,

Алламен қоса басқа біреуге дұға етпеу? Біздің айтып

отырған тақырыбымыз қайда, бұл қайда? Бірақ Алладан

ғана сұрап дұға еткен жан: «Уа, Алла Тағалам! Мен се-

нен пайғамбарың яки әнбиелеріңнің немесе салиқалы құл-

дарыңның құрметіне (мынаны, мынаны) сұраймын» деп

тілек тілесе, тек Алладан ғана сұрағаннан кейін белгілі

бір қабірдің немесе басқаға арнайы барып, оның басында

бұлай дұға еткен болса да, бұл біздің көтеріп отырған

тақырыбымызға қатысы жоқ (жоғарыдағы қарсы

шықан нәрсемізге жатпайды)».

Ибн Тәймия

«Пәтуалар жинағы»

атты кітабында

салиқалы адамның құрметін себепкер етіп тәуассул жа-

сауды қабылдамағанымен, тәуассул жасаған адамның

кәпір яки мүшрік болмайтындығын айта келе:

«Өйткені

бұл мәселенің өзі де анық емес әрі дәлелдері де айқын

емес....»

деген. Яғни дәлелдер нақты болмағандықтан

әртүрлі түсінуге болатын тартысты мәселелерге жатады

дегені. Тіпті, Ибн Тәймия:

«Мұндай мәселелерде белгілі

бір кісіні кәпір деген адамның өзі қатты жазалануға

лайық»

деген

264

.

Суфиянус-Сәури былай деген:

«Ғұламалар ара-

сында тартысты мәселеде әлдебір кісі сенің таңдаған

көзқарасыңа қайшы пікірмен амал етіп жатқанын

көрсең, онда оны ол істен тыйма!»

265

.

264

Мәжмууғу фатаауа Ибн Тәймия, 1-том.

265

Мухаммед Абдур-Рахман әл-Марғашли, әл-Ғина уәл-мәғазиф

фил-иғламил-муғасир уә хукмуһә фил-ислам, 2337-бет.

«Дәрул-

мағрифа»

баспасы, Бәйрут. 2006 ж.