203
Дін мен Діл
білдіреді. Пайғамбарымыздың шаш-сақалын себепкер
етіп жаратқаннан жеңіс тілеу, яки, ауруға шипа тілеу
немесе шапанын себепкер етіп ауруларға дауа сұрау
сахабаларымыздың заманында бар болатын. Ал енді
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) артында қалған шапаны мен
сақал-шашын себепкер етіп тілек тілеуді дұрыс санап,
әз елші Хақ Тағала сүйіктісінің (с.а.у.) өзін, яғни жаны
мен тәнін, рухани деңгейін себепкер етіп тілек тілеуге
қарсы шығудың қайшылық туғызары сөзсіз. Олай бол-
са, жоғарыдағы әл-Бухари мен Муслимдегі тәбәріктің
дұрыстығын білдіретін сахих хадистер де тәуассулдің бар
екенін басқа бір қырынан дәлелдейді.
Ақыретте шапағат ету де тәуассулдің
бір түрі
«Шапағат»
сөзінің тілдегі мағынасы: бір адамның
қатесінің кешірілуі үшін себепкер болу, бір адамнан
үшінші бір тұлға үшін жақсылық жасауын өтіну дегенге
саяды. Құранда:
«Ол күні Рахманның шапағат етуге
рұқсат етіп, сөзінін риза болғандардан басқаларының
шапағаты пайда бермейді»
260
-делінеді. Бірқатар са-
хих хадистерде пайғамбарымыздың үмметінің ішіндегі
кейбір күнәһар пенделерге Алла Тағаланың рұқсатымен
шапағат ететіндігі білдірілген. Ал енді ақыреттегі ең
ауыр есеп күні Алла мен құлдың арасында себепкер болу
рұқсат етілсе, қисын тұрғысынан мына дүниеде кейбір
салиқалы да тақуа кісілердің құрметіне дұға жасау
неліктен болмасын? Екеуінің арасында негіз тұрғысынан
қандай айырмашылық бар? Шапағатты да дұғаны да
қабыл алып, алмайтын да Алланың өзі емес пе?
Қорытынды:
Тәуәссулге
«Аллаға серік қосу»
деп те қарайтындар
260
«Таха»
сүресі, 109-аят.