198
Дін мен Діл
«Ей, Алла Тағалам, Біз Сенің пайғамбарың
Мұхаммедтің құрметіне жаңбыр сұраушы едік. Сен
бізге жаңбыр беруші едің. Енді сол пайғамбарыңның
немере ағасы Аббастың құрметіне бізге жаңбыр жау-
дыра гөр!» Осыдан кейін оларға жаңбыр жауатын»
252
.
Бұл хадистегі Омардың Пайғамбарымыз (с.а.у.)
өмірден қайтқаннан кейін Пайғамарымызбен емес, оның
немере ағасы Аббаспен тәууәссул жасағанын желеу
етіп тәуассулға қарсы шықан кейбір жандар
253
қайтқан
кісімен тәуәссул жасауға болмайды дегенді алға тарта-
ды. Себебі, қайтқан кісімен тәуассул жасауға болғанда,
Омар Аббаспен емес, Пайғамбарымыздың өзімен жасар
еді деген болжамға барған.
Әрине, бұл жорамал ғана, нақты шариғи дәлелге
жатпайды.
«Усулул-фиқһ»
ілімінде:
«Бір істі жасамау
– шариғатта ол істің тыйылғандығын білдірмейді»
– делінген ғылыми қағида бар. Бұл қағида бойынша,
Омардың Пайғамбарымыз тұрғанда, Аббаспен тәуассул
жасауы – қайтыс болған кісімен тәуассул жасауға
болмайды дегенді білдірмейді. Сондай-ақ, Омардың
пайғамбарымызбен (с.а.у.) емес, оның немере ағасы Аб-
баспен тәуассул жасауын әртүрлі түсінуге, жорамалдауға
болатыны сөзсіз. Себебі, жоғарыда айтылған тәуассулге
қарсы
шыққандардың
жорамалын
қуаттайтын,
біріншіден, пайғамбарымыздың (с.а.у.) кісі бақилық
252
Ахмад ибну Али ибни Хажарил-Асқалани, Фатхул-Бәри ли
шархил-Бухари, Китабулистисқа, 3-том, 182-бет. Дәрул-Фикр,
Бәйрут. 2000 ж.
253
Ибн Тәймия және ізбасарларын айтуға болады. Шынтуайтында
Ибн Тәймияға дейін яғни, 8-ші һижри (13-14) ғасырға дейін:
«Тірі адаммен тәуассул жасауға болады, ал, қайтыс болғаннан
кейін болмайды»
-, деп тәуәссулді ешбір ғалым бұлай бөліп
қарамаған. (Рамадан әл-Бути, әс-Сәлафия мархалатун замания-
тун мубәракатун лә мәзһабун исламййун, 155-бет.
«Дарул-фикр»
баспасы, Димашқ, 2006 ж.