194
Дін мен Діл
«Фәтхул-Бари»
атты түсіндірмесінің бірқатар жерінде
тәуассулдің дұрыстығын білдіретін мәліметтер бар.
Жоғарыдағы айтылған хафыздарға қоса, Әл-Хатибул-
Бағдади, Әд-Дарими, әл-Бәйһақи, әл-Хәйсами сынды ха-
дис ғалымдарының аттарын атауға болады.
1. Атақты тәпсір ғұламаларынан:
Әс-Сәғалиби:
«Рақымның
қайнар
көзінің
(Мұхаммедтің) құрметі үшін»
деп тәуассул жасаған.
(тәфсирус-Сәғалиби, 4/458), Атақты муфассир әл-
Қуртуби:
«Мұхаммед және оның отбасының хаққы
үшін»
деп тәуассул жасаған. (Тәфсирул-Қуртуби, 8/240).
Тәуассулдің шариғатқа қайшы емес екенін білдірген
тәфсір ғұламаларының қатарына Абдур-Рахман ибн Зайд,
Ән-Насафи, Әр-Рази сынды ғалымдардың атын қоса
атауға болады.
2. Фиқһ ғалымдарынан:
Ханбали, Шафиғи, Мәлики мәзһабының ғалымдары
тәуассулды дұрыстығын білдірген. Тіпті кейбіреуі іс
жүзінде жасағандықтары белгілі. Ал ханафи мәзһабынан
Әбу Юсуф, әл-Кәмал ибн Һумам, Ибн Абидин, Мулла
Алиул-Қари сынды танымал мүжтаһид ғалымдардың
есімін атауға болады.
Кісінің қадір-құрметіне тәуассул жасауға болмайды
дейтіндер Әбу Ханифаның:
«Пәленшенің хаққы үшін деп
дұға етуді хош көрмеймін»
деген сөзін негізге алып, Әбу
Ханифа кісінің құрметіне тәуассул жасауға қарсы шыққан
дегенді алға тартып жүр. Алайда Әбу Ханифа кісінің
құрметіне жасалатын жалпы тәуассулді емес,
«хақысы
үшін»
деген сөзбен тәуассул жасауды ғана мәкрүһ санаған.
«Мәкрүһ»
деген үкімнің өзі харамдықты білдірмейтіні
белгілі. Әбу Ханифа бұл сөзін кісінің істеген қандай
да бір салиқалы ісі үшін Алла Тағала оған сауап беру-