Previous Page  192 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 192 / 288 Next Page
Page Background

192

Дін мен Діл

етіп дұға жасауы деп түсінгеніміз жөн. Пайғамбарымыз

(с.а.у.):

«Кісі Алла Тағаланы және Оның елшісін (с.а.у.)

барлық нәрседен артық жақсы көрмейінше толық

иманға жетпейді»

деген. Ендеше, пайғамбарды шы-

найы сүю – ізгі амалға жатады. Сондықтан

«Менің Алла

елшісіне (с.ғ.у.) деген сүйіспеншілігім мен иманымның

құрметі үшін дұғамды қабыл ала гөр!»

деп тілек тілеуге

барлық ғалымдар бірауыздан келісіп отыр.

Имам Шәукани өзінің

«әд-Дуррун-надид фи ихласи

кәлиматит-таухит»

атты еңбегінде:

«Пәленші құлыңның

құрметі үшін»

деп дұға етудің – аса тақуа адамның ізгі

амалдарының жиынтығын себепкер ету арқылы жасалған

тәуассулге жататындығын білдірген.

Тәуассулдің бұл түрінің шариғатқа қайшы емес

екенін көптеген хадис саласының мәшһүр хафиз

ғалымдары һәм фиқһ ғылымының майталман маман-

дары мен үлкен тәпсір ғұламалары өздері тәуассул

жасау арқылы яки дұрыстығын тікелей баяндау арқылы

білдірген. Мысалы, Сахих Муслимге

«әл-Минһәж»

аты

18-томдық көлемді түсіндірме жазған, жұртқа

«Риадус-

салихин»

(Салиқалы құлдардың бақшалары),

«әл-Әзкар»

сынды кітаптарымен танымал хадис әрі фиқһ ілімінің

үлкен білгірі Мухиддин ән-Нәуауий өзінің

«әл-Әзкар»

атты дұға кітабында және

«әл-Мәжмууғ»

атты фиқһ

кітабының қажылық бөлімінің Пайғамбар мешітіне зия-

рат тарауында:

«Өзі үшін оның (с.а.у.) құрметімен тәуассул жа-

сайды әрі оны (с.а.у.) себепкер етіп Раббысынан тілек

тілейді»

244

- деген.

244

Мухиддин ән-Науауий, әл-Мәжмууғ, 8-том, 202 бет.

«Дәрул-

фикр»

баспасы, Бәйрут, 1997 ж. Әл-Әзкаар, 307-бет. «Дәрул-фикр

баспасы, Бәйрут.