Previous Page  193 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 193 / 288 Next Page
Page Background

193

Дін мен Діл

Ал күллі мұсылмандарға аты әйгілі Шиһабуддин

Махмуд Әлуси өзінің

«Рухул-мағани»

атты 30 томдық

тәпсір кітабының бірқатар жерінде тәуассул жасаған.

Мысалы,

«Фатиха»

сүресін тәпсірлеу барысында:

«Уа, Алла Тағалам, бізді адамзат пен жындардың

мырзасы пайғамбарымыздың құрметіне екі дүниеде

де бақытты ет!»

десе, басқа бір жерінде

«Ұлы

Құранның әрі ардақты елшінің (с.а.у.) құрметіне

бізді жамандардың кесірінен сақта!»

деп тәуассул

жасаған

245

.

Хадис ілімінің атақты хафызы, үлкен тәпсір

ғұламасы Ибн Кәсир өзінің

«әл-Бидая уән-ниһая»

атты

тарих кітабында:

,

«Мұхаммед (с.а.у.)

пен оның пәк әулетінің құрметі үшін»

деп тәуассул

жасаған

246

.

Тәуассул жасаған яки тәуассулдың дұрыстығын

білдірген ғалымдардың барлығының атын атау мүмкін

болмағандықтан, төменде кейбіреулерінің аттарын

қысқаша беріп өттік.

1. Хадис саласының мәшһүр хафыз ғалымдарынан:

Әл-Хафыз Әбу Таййб әл-Мәкки:

«Елшілердің

сұлтаны Мұхаммедтің құрметі үшін»

деп тәуассул

жасаған (Зәйлут-тақиид, 1/69), Әл-Хафиз Әбул-Махасин

ибн Хамза:

«Мұстафаның мәртебесі үшін»

деп тәуассул

жасаған (Зәйл Тәзкиратул-Хуффаз, 1/325), Әл-Хафиз

Ибн Әбид-Дуниа:

«Пайғамбардың хаққы үшін»

деп

тәуассул жасаған. (қариуд-дайф, 5/225), Әл-Хафиз Ибн

Хажар әл-Асқалани өзінің Сахих әл-Бухариге жазған

245

Шиһабуддин Махмуд Әлуси, Рухул-Мағани, 14-том, 262-бет.

246

Исмағил ибн Омар ибн Кәсир, әл-Бидая уән-ниһая, 13-том,

192- бет. Мәктабутул-мағариф, Бәйрут.