Previous Page  196 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 196 / 288 Next Page
Page Background

196

Дін мен Діл

Бір күні көзі көр бір сахаба пайғамбарымызға келіп:

«Уа, Алланың елшісі, менің көзімнің айығуы үшін Алла

Тағалаға дұға етсеңіз», – деп өтінді. Пайғамбарымыз

(с.а.у.) оған: «Қаласаң көзіңнің айығуы үшін дұға

етейін. Ал қаласаң сабыр ет! Бұл сен үшін қайырлы»,

– деді. Сахаба: «Дұға етіңіз», – деді. Пайғамбарымыз

(с.а.у.) оған дәрет алып, екі рәкат намаз оқығаннан

кейін мына дұғаны оқуын бұйырды: «Уа, Алла Тағалам,

мен Сенен Сенің рақым пайғамбарың Мұхаммедтің

құрметіне сұраймын және оның құрметін шапағат

етіп саған бет бұрдым. (Ей, Мұхаммед,)

249

мен сенің

құрметіңді тілге тиек етіп мұқтаждығымның өтелуі

үшін Раббыма бет бұрдым. Алла Тағалам, оны маған

шапағатшы ете гөр!»

250

.

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) осы айтқандарын

орындар-орындамас зағип адамның көзі шайдай

ашылған.

Имам Шәукани бұл хадис жайлы былай деді:

«Бұл

хадистен Алла елшісінің (с.а.у.) құрметін себепкер

етіп тәуассул жасауға болатындығын ұғамыз. Со-

нымен қатар мынандай сенім болуы ләзім: «Тілекте

айтылғанды істейтін де, сұралған нәрсені беріп,

бермейтін де жалғыз Алла. Алланың қалағаны болады,

ал қаламағаны болмайды»

251

.

249

Басқа риуаяттарда

«Ей, Мұхаммед»

деп нақты көрсетілген.

250

Әт-Тирмизи. Және қараңыз: әс-Сунанунл-Кубра лин-Нәсааи,

6-том, 169-бет. әл-Мустадрак а’лас-сахихайн. Бәйһақи, Дәләилун-

нубууа. Хадис ғалымы Хаким бұл хадисті Бухари мен Муслимнің

шартына сай сахих хадис деді. (Мұхаммед Абдул-Ғани Ибраһим

Халил, Саддулфажуа уәссулма байналихути уәл-умма. 42бет.

Сауд Арабия, Әл-Мадинатулмунаууара.) Насруддин Әл-Бани бұл

хадисті

«сахих»

деп бағалады.

251

Мұхаммед ибн Али ибн Мұхаммед әш-Шәукани, Тұхфатуз-

зәкирин, 1-том, 212-бет.

«Дәрул-қалам»

баспасы, Бәйрут, 1984 ж.