197
Дін мен Діл
Жоғарыда келтірген хадисті ешбір хадис ғалымы
әлсіз деп бағаламаған. Тәуассулді қабылдамайтындар
бұл хадисті өздерінің пікіріне сай етіп басқаша
жорамалдауға тырысқан. Олар
«Пайғамбарыңмен»
деген
жерге мәтінде жоқ
«дұға»
сөзін қосып
«пайғамбарыңның
дұғасы арқылы»
деп жорамалдауға тырысқан. Алай-
да хадисті сөзбе-сөз түсінуге мүмкіншілік бар жер-
де, ешқандай жорамалға жүгінудің қажеті жоқ. Бұған
қоса, жорамалға нақты дәлел ретінде емес, тек жора-
мал деңгейінде ғана қарауымыз қажет. Хадиске зер
салсақ, зағип сахабаның екі рәкат намаз оқығаннан
кейін пайғамбарымыздың Жаратқанның алдындағы
мәртебесі мен құрметін себепші етіп дұға жасағандығын
түсінеміз. Хадистегі:
сөйлеміндегі
«б»
әрпі араб тілінде себепкерлікті
білдіреді. Яғни,
«Мен сенің пайғамбарыңның Өзіңнің
жаныңдағы мәртебесін себепші етіп, Өзіңе бет бұрдым
әрі қажетімді Өзіңнен сұраймын»
деген мағынаға саяды.
Және бұл дұғаны пайғамбарымыз қайтыс болғаннан кейін
де басқа мұсылмандар қолданса рұқсат, тіпті, мұстахаб.
Себебі, пайғамбарымыздың (с.а.у.) бір сахабасына
үйреткен қандай да бір дұғасы бізге сахих жолмен жетсе
және ол дұғаның тек сол бір сахабаға ғана арналғандығын
екендігін білдіретін басқа бір сахих дәлел болмаса, онда
ол дұғаны қияметке дейін басқа мұсылмандар да жасай
алады.
2. Сахих Бухаридегі Әнастан риуаят етілген мына
бір оқиға. Елде жауын-шашын болмай, құрғақшылық
жайлаған кездерде Омар ибн Хаттаб Пайғамбарымыздың
немере ағасы Аббастың құрметіне Алла Тағаладан былай
деп жаңбыр сұраған: