200
Дін мен Діл
Алтыншыдан, өлген кісіге тәуәссул етуге болмай-
ды дейтіндей, оның көзі тірісіндегі Алла алдындағы
қадір-қасиеті мен құрмет-мәртебесі ол кісінің бақилық
болуымен бірге қоса жойылып кетпейді ғой. Яғни,
ол тақуа жанның көзі тірісіндегі Ұлы Жаратушы
алдындағы құрметі дүние салғаннан кейін де жалғаса
береді. Жетіншіден, өлі адаммен тәуәссул етуге болмай-
ды дейтіндей біз өз мұқтаждығымызды өлген адамнан
сұрап тұрған жоқпыз. Тек оның өлмейтін, өшпейтін Алла
алдындағы мәртебесін шапағатшы етіп:
«Алла Тағалам,
пәленше құлыңның Сенің алдындағы ерекше құрметі
мен мәртебесі үшін менің дұғаларымды қабыл ал»
деп
дұға етудеміз. Қысқасы, тілегімізді қабыл алушы әрі оны
орындаушы құдіреті шексіз Алла Тағала болғандықтан,
тәуәссул етілген адамның тірі болып-болмауының еш
айырмашылығы жоқ.
3. Әбу Сағид әл-Худридан риуаят етілген басқа бір
хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у):
Кімде кім намазға шығарда:
«Алла Тағалам, бар-
ша тілеушілер мен мешітке қарай жүргендердің
хақысы үшін өзіңнен сұраймын. Шын мәнінде, мен
нығметтеріңе күпірлік етіп, паңдану үшін яки істеген
амалымды өзгеге көрсету үшін немесе мақтанып
айту үшін (үйден мешітке) шыққан жоқпын. Мен
тек Сенің ашуыңнан сақтанып, разылығыңды іздеу