Previous Page  206 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 206 / 288 Next Page
Page Background

206

Дін мен Діл

быну да, оған құлшылық ұрып ғибадат жасау да жоқ. Бар

болғаны, оның Алла алдындағы құрметі мен мәртебесін

шапағатшы етіп Ұлы Жаратушыдан қалағаныңды тілеу

ғана. Сондықтан Құрандағы мүшріктерге қаратылып

айтылған аятты бір Жаратушыға иман етіп, көмек пен

жәрдемді тек сол бір Алла Тағаладан күткен мұсылман

жандарға қолдану мүлдем дұрыс емес.

Біз бұл жерде сұрақ қоюшының сауалына жа-

уап ретінде тәуәссулдің дініміздегі орнын түсіндіруге

тырыстық. Әйтпесе, тілек-мінәжаттарымызда тәуәссул

жасау парыз яки, қабыл болуының бірден-бір шар-

ты демедік. Қалаған адам тәуәссулсіз тікелей тілек,

мінәжатын атқара алады.

Тағы бір ескерте кететін жайт, тәуәссулді Алла

Тағалаға серік қосуға апарар жол ретінде қарайтын

ғалымдар да кездеседі. Әрине, қазіргі таңда осындай

тармақ мәселелерді алға тартып, тәуәссулді мойында-

майтын адамдар мен оны қабылдайтын адамдардың

бір-біріне ала көзбен қарап, қызыл кеңірдек болуы әсте

дұрыс емес. Тәуассулді тармақ мәселеге жатқызып от-

ырмыз. Себебі тәуассул ақида мәселесіне емес, дұға

жасаудың бір түрі болғандықтан, фиқһ мәселесіне жата-

ды. Себебі, бұл жерде сұралатын нәрсе Алла Тағаладан

тікелей сұралып тұрғандықтан тәуассул сенім мәселесіне

кірмейді. Тіпті, бұл жайлы салиқалы кісінің құрметімен

тәуассул жасауды қабылдамайтын Насурддин Әлбани де

«Тахауи»

ақидасының кіріспе сөзінде тәуассулдің ақида

мәселесіне жатпайтындығын, оның тікелей фиқһ мәселесі

екендігін айтқан. Ал Мұхаммед ибн Абдулуәһһаб болса,

өзінің пәтуалар жинағының 68-69 беттерінде (Мәжмуғату

фатауа) тәуассул жайлы сөз қозғап, оның ақида мәселесі

емес, фиқһ мәселесі екенін әрі ғұламалар арасында

үлкен тартысқа ие тақырып екенін айтады. Әрі тәуассул

жасаудың көпшілік ғұламалар бойынша харам емес,