211
Кісінің сөзіне немесе іс-әрекетіне
қол шапалақтау арқылы қошемет
көрсетуге бола ма?
Қол шапалақтау арқылы қошемет көрсетуге бай-
ланысты дінімізде тікелей ешбір тыйым жоқ. Қошемет
үшін емес, тікелей ғибадат мақсатында қол шапалақтауға
қатысты Құранда мынандай аят бар:
«Олардың (мүшріктердің) қағбадағы мінәжат,
құлшылықтары – тек ысқырық пен қол шапалақтау
болатын. Ендеше, күпірліктерің үшін азапты
татыңдар!»
267
.
Исламға дейін құрайыштықтар қол шапалақтап әрі
ысқырып жүріп қағбаны жалаңаш күйде тауап жасай-
тын. Яғни, ол кезде мүшріктерде қол шапалақтау мен
ысқырық – құлшылық саналатын. Аятта исламға дейінгі
мүшріктердің құлшылық түсінігі мен түрінің қандай
төмен деңгейде болғаны айтылып отыр.
Ал сауалда сұралғандай кісінің сөзіне немесе іс-
әрекетіне қошемет көрсету үшін қол шапалақтау –
құлшылық мақсатында болмағандықтан бұл аяттың
аясына кірмейді. Әсілі қошемет көрсету үшін қол
шапалақтау – кейбір қоғамның үйреншікті әдетіне жа-
тады. Сондықтан шариғат бойынша мұндай мақсатта
267
«Әнфал»
сүресі 35 аят.