Previous Page  216 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 216 / 288 Next Page
Page Background

216

Дін мен Діл

неше

272

періште (айтылған бұл дұғаның) сауабын

қайсымыз бірінші жазамыз деп жарысқанын көрдім»,

– деді

273

. Хадис саласының танымал хафиз ғалымы

Ибн Хажар Асқалани бұл хадисті түсіндіру барысын-

да:

«осы хадис намазда сүннет дұғаларға қайшы емес,

дұғаларды қосуға болатындығын дәлелдеді»

274

,-деді.

Пайғамбарымыз айтпаған бұл дұғаны әлгі сахабаның

намазда айтуы әрі пайғамбарымыздың әлгі сахабаға

қарсы шықпауы, тіпті, айтқан дұғасының сауабының

зор екенінен хабар беруі – пайғамбарымыз істемеген

әрбір нәрсенің дінімізде тыйылмағандығын аңғартады.

Намаздың өзінде осындай сүннет дұғаларға қайшы емес

дұғаларды айтуға тыйым салынбаса, намаздың тысындағы

істерде қаншалықты кеңдік бар екенін аңғару қиын емес.

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) басқа бір хадисінде:

«Кімде-кім исламда жақсы жол бастаса (салса, үрдіс

қалыптастырса, ойлап шығарса), ол адамға сол істің

сауабы және өзінен кейін сол жолмен қияметке дейін

амал еткен барлық адамдардың алатын сауабын-

дай сауап жазылады. Ал кім де-кім исламда жаман

жол бастаса (салса, үрдіс қалыптастырса, ойлап

шығарса) ол адамға да сол жолдың күнәсі және

өзінен кейін сол жолмен қияметке дейін амал еткен

барша адамдардың күнәсындай күнә жазылады»

275

,

272

Араб тілінде

«бид’атун»

сөзі үш пен тоғыз санының арасындағы

мөлшерді білдіреді. Біз бұл жерде

«неше»

деп қазақ тіліндегі ең

жақын баламасын ғана беріп отырмыз.

273

Сахихул-Бухари, 1-том, 275-бет, Дәру Ибни Кәсир баспасы,

Бәйрут, 1987 ж. Және қосымша мына хадис кітаптарына қараңыз:

Муснад Ахмад, Насаай, Муатта, Бәйһақи, Әбу Дәәуід. Сахиху

Ибни Хиббан.

274

Ибн Хажар Асқалани, Фатхул-Бари шархул-Бухари, 2-том,

287-бет, Дарул-мағрифа баспасы, Бәйрут.

275

Сахих Муслим, 2-том, 705-бет, «Дәру Ихиа’ит-турасил-араби

баспасы», Бәйрут. Сунану Ибни Мәжа, 1-том, 74-бет, Дәрул-

фикр баспасы, Бәйрут.