221
Дін мен Діл
отырады. Алла Тағалаға шүкір ету – сәждежасау, ораза
ұстау, садақа беріп, Құран оқу секілді түрлі ғибадаттар
арқылы жүзеге асады. Ендеше, рақым пайғамбар –
Мұхаммедтің дүниеге келуінен де артық Алла Тағаланың
қандай жақсылығы, нендей үлкен нығметі бар?»
285
,
–
деп пайғамбарымыздың (с.а.у.) дүниеге келуінің Алла
Тағаланың құлдарына берген ұлы жақсылығы екенін
және мәуліт мерекесін атап өтудің Ұлы Жаратушының
осы жақсылығына деген құлдарының алғысы мен
шүкірі, пайғамбарларына деген сүйіспеншілігі екенін
түсіндірген. Иә, Ибн Хажар Асқалани секілді «Сахих
Бухариға»
«Фатхул-Бәри»
атты кең түсіндірме жазған ха-
дис саласының майталман шебері,
«хафыз»
ғалымының
келтірген дәлелі ойлануға тұрарлық.
Әртүрлі зиянды яки пайдасыз мерекелер көптеп
атап өтілетін бүгінгі қоғамда, сан-алуан жолдармен
ділімізге, салт-санамызға жат ұғымдар барынша жарна-
маланып жатқан қиын да қым-қиғаш мына заманда мәуліт
мерекесіне
«бидғат»
деп қарсы шығудың орнына оны
жастарымыздың, жалпы халқымыздың имандылығының
артып, пайғамбарына деген сүйіспеншілігінің нығаюы
үшін бар мүмкіндігінше пайдалана білуіміз керек.
Сөз соңы, Пайғамбарымыздың өнегелі өмір жо-
лын жан-жақты ашып түсіндіретін, исламның асыл
құндылықтарын насихаттайтын түрлі рухани кештер мен
жиындарды ұйымдастыру – мерекені атап өтудің негізгі
мақсаты мен асыл мұраты екенін ұмытпағанымыз жөн.
Әйтпесе, пайғамбарымыздың туылған күні – тек ән салып,
ішіп-жеумен ғана емес. Сондықтан мәуліт мерекесін атап
өту барысында шариғатқа қайшы түрлі іс-әрекеттерден
285
Али Жум’а, әл-Баян ми’әту фәтуа ли радди әһәмми шубәһил-
харижи уә лима шамилад-дахил, 167-бет, 2005 ж.