Previous Page  227 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 227 / 288 Next Page
Page Background

227

Дін мен Діл

жаратылыстарда мұнан басқа, тіпті бұл мақсаттардан да

жоғары өзге хикметтері бар екені белгілі. Бірақ бұл жерде

Алла Тағала адам баласына берген өзінің нығметтері мен

бұл жаратылыстардағы пайдаларды түсіндіруде.

Егер

«бұл іс мынандай мақсатта жасалынды»

делінсе, мұндай сөз ол істің басқа мақсаттар үшін де жа-

салуына бөгет емес. Дәл осы тәрізді

«мынау болмағанда

бұны жаратпас еді»

делінген сөз де оның одан да үлкен

хикметтер мен мағыналар үшін жаратылуына бөгет емес.

Тіпті, адам ұрпақтарының арасындағы ізгі кісілердің

ең кемелі Мұхаммед (с.а.у.) болғандықтан және оның

(с.а.у.) жаратылуы негізгі мақсат және басқа жаратылыс-

тардан да жоғары хикметке саналғандықтан, Мұхаммед

(с.а.у.) арқылы жаратылыстың шыңы және кемелдіктің

ең жоғары деңгейі жүзеге асты»

289

.

Иә, Ибн Тәймия

«Ғалам Мұхаммед (с.а.у.) үшін жа-

ратылды»

делінген сөздің әлемнің басқа да мақсаттар

үшін жаратылуына бөгет емес екенін білдіреді. Сондай-

ақ, ғаламның жаратылуындағы негізгі мақсаттың кемел

деңгейде Мұхаммед (с.а.у.) арқылы жүзеге асқандығын,

сондықтан

«ҒаламМұхаммед үшінжаратылды»

делінген

сөзді дұрыс қырынан түсінуге болатындығын алға тарта-

ды.

Қысқасы, мұндай сөздердің астары мен мәніне

терең бойламай жатып,

«қате»

деп асығыс үкім беру

көп жағдайда мұсылмандар арасында бүлікке, діни

дүрдараздыққа себеп болады. Сондықтан парасатты

мұсылман мұндай мәселелерде әрдайым байып сақтап,

ислам ғұламаларының пікіріне жүгінгені жөн.

289

Ибн Тәймия, Мәжмуъату фәтаауаа, 6-том, 57-бет.

«мәктабатул-

ъабикан»

баспасы, Риад қаласы, 1998 ж.