Previous Page  231 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 231 / 288 Next Page
Page Background

231

Дін мен Діл

Ел арасында қайтыс болған кісінің түнеген бөлмесіне

шырақ жағып қою немесе береке орнасын деген ниетпен

астына дән шашу секілді ырымдарды да кездестеріміз.

Алайда бұл – мүлдем қате, негізі жоқ күнә ырымдар.

Тіпті, кейде қайтыс болған кісінің қабіріне құлыпты қоса

көміп жатады. Ондағы мақсат – өлімнің тоқтап, әулеттегі

басқа адамдар аман-есен жүрсін дегені. Ал мұның тым

таяз түсінік екені анық. Себебі, Алланың жазған ажалын

пенденің қолымен жасалған қара құлпы тоқтата алмайды.

Жаратқанның үкіміне мұндай ырымдар тосқауыл бола

берсе, дүниенің тепе-теңдігі бұзылып, астаң-кестеңі

шығар еді. Сондықтан кісі қара мысықпен сәтсіздікке

ұшырап, көмілген құлпымен өлім тоқтайды деген

сенімге шын иланса, онда Жаратқанға серік қосқан бола-

ды. Себебі, бұл жерде адам тағдырына әсер ететін, оған

пайдасы мен зиянын тигізетін Құдайдан басқа бір дербес

күшке, құдіретке сену бар. Ал Ислам тәлімінде ешбір

нәрсе Алланың құдіретінсіз жүзеге аспайды. Қазақтың

«Құдайсыз қурай да сынбайды» деуі де осы ислами таза

түсініктен туған.

Хәкім Абай қазақ даласындағы кейбір ырымдардың

шаманизмнің сарқыншағы екендігіне қатысты былай

дейді: «Сол уақыттарда арабтан бұл Орта Азияға дін

исламды үйретушілер көп әскермен келіп, халықты

жаңа дінге қаратып жүргендерінде Құтайба атты кісі

Қашқарға шейін келіп, халықты исламға көндіргенде,

бұлар да мұсылман болдық депті. Сөйтсе де, бұрыннан

бақсы-балгерге инанып, отқа, табынатын әдеттерімен

исламға тез түсініп кете алмапты. Ол кезде шала-пұла

хат таныған кісісі болса – оны «абыз» дейді екен. Ол

«абыз» демек әуелде шаман дініндегілердің өз молда-

сына қоятын аты екен. Дүниеде не нәрсенің себебіне

көзі жетпесе, сол нәрсені құдай қылып тұр деп, дін