235
Дін мен Діл
ласына жағымсыз жағдай қалыптастырады. Ақырында
өзінің де, өзгенің де құтын қашырады.
Бірақ кездескен әлдебір хош, көңілге жағымды
нәрсені жақсылыққа жоруға, құлағың шалған қандай да
бір жақсы сөзді игілікке ырымдауға ислам рұқсат етеді.
Бұл жерде басты назар аударатын нәрсе ұшырасқан
көңілге ұнамды нәрсені жақсылыққа негізгі себеп
деп емес, жақсылықтың белгісі деп қабылдауда, соны
үміт етуде жатыр. Бірақ кесіп айтпастан
«Алла қаласа
жақсылығы боп қалар»
деп үміттену керек. Себебі,
жақсылық күтіп, жақсы ойлау, қуанышты үміт ету –
мұсылманның ісі. Аллаға деген жақсы ойдың нәтижесі
болмақ. Жақсы ой, жақсылыққа үміттену кісіні алға ын-
таландырады, жігер-қайратын қамшылайды. Қазақтың:
«жақсы сөз – жарым ырыс»
деуі де осыған саймай
ма? Пайғамбарымыздың бір хадисінде:
«Жаман ырым
исламда жоқ. Бірақ маған «әл-фәл» (яғни жақсы
ырым, жақсы сөз) ұнайды»
294
делінген. Бұл жердегі
жақсы ырым мен жақсы сөзден мақсат – өмірде кездес-
кен қандай да бір жақсы жағдайды, естіген игі сөзді
жақсылыққа жору, жақсылықты үміт ету. Мұсылмандар
мен мүшріктер арасындағы
«Худайбия»
келісім-шартын
жасасуға мүшріктер тарапынан келе жатқан Суһайл
атты кісіні алыстан көзі шалған Алла елшісі (с.а.у.) са-
хабаларына:
«Істерің алға басып, жеңілдейтін болды.
Олардың бұл адамды жібергені келісімді қалағаны
ғой»
295
деп Суһайлдің келуін жақсылыққа жорыған.
Себебі,
«Суһайл»
дегеннің мағынасы
«жеңілдік»
дегенге
саятын.
294
Сахих Муслим, 4-том, 1746-бет,
«Дәру Ихиа’ит-турасил-араби
баспасы»,
Бәйрут.
295
Сафиюр-Рахман әл-Мүбәракфури, әр-Рахиқул-махтум, 384-бет.
«Дәру ихиаул-кутубул-арабия»,
1991 ж.