Previous Page  241 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 241 / 288 Next Page
Page Background

241

Дін мен Діл

жақсы көрсеңдер, онда маған еріңдер. Сонда Алла да

сендерді жақсы көріп, күнәларыңды жарылқайды...»

– деп, Пайғамбарға ерудің Алланың мейіріміне бөленіп,

күнәлардың кешірілуіне себеп екенін көрсеткен. Ал енді

Алла елшісінің соңынан еру бұл оның сүннетте көрсетіл-

ген көркем мінезін үлгі тұтып, жасаған жақсылықтарын

өнеге ету. Бұйрықтарын орындап, тыйған тыйымдары-

нан қайту болмақ. Құранның басқа бір аятында:

«Аллаға

және ақырет күніне иман келтіріп, Алланы көп зікір

еткендер үшін Алла елшісінде керемет өнеге бар»

300

делінеді. Пайғамбарымыздың тамақ ішу мен отырып-

тұрудағы, отбасындағы өнегелік мінездері, адамдармен

болған барша қарым-қатынасы, соғыс сәтінде қалай қару

асынып, қол бастағандығы, қиыншылықтарға қалай қарсы

тұрғандығы, тағысын тағы үмбетіне үлгі боларлық іс-

әрекеттерінің көбі хадистерде қамтылған. Сондықтан

бұл аят та Алла елшісінің сүннеттерінің маңызын

мақұлдайды. Олай болмағанда:

«Алла елшісінде сендер

үшін керемет өнеге бар»

деген аяттың мәні болмас еді.

«Ниса»

сүресінің 59-аятында

«Егер Аллаға және

ақырет күніне иман келтірген болсаңдар, онда

келіспей қалған мәселелеріңіз бойынша Аллаға

және Оның елшісіне жүгініңдер. Бұлай істеу сендер

үшін қайырлы әрі нәтижесі тұрғысынан да ең

жақсысы»

делінген. Аятта айтылған мұсылмандардың

келіспей қалған мәселелері бойынша Аллаға жүгінуі

– бұл Құран аяттарына жүгіну деген сөз. Ал аятта

айтылған пайғамбарға жүгінуден мақсат – оның артын-

да қалдырған сахих сүннеттеріне жүгіну болмақ. Олай

болмағанда, пайғамбарымыз қайтыс болғаннан кейін

мұсылмандардың келіспей қалған мәселелері бойынша

«пайғамбарға жүгінудің»

мәні қалмас еді. Әрі Аллаға

300

«Ахзаб»

сүресі, 21-аят.