Previous Page  242 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 242 / 288 Next Page
Page Background

242

Дін мен Діл

жүгініңдер дегеннен кейін, пайғамбарға жүгініңдер деп

айрықша атамас та еді.

Алла елшісіне Құранды үмбетіне жеткізумен қатар

оны түсіндіру міндеті де жүктелген. Кез келген кітаптың

түсіндіруші ұстазы болатыны секілді Құран кітабы мен

мына ғалам атты алып кітаптың да түсіндіруші ұстазы

бар. Ол ақырғы пайғамбар, ұлы ұстаз хазірет – Мұхаммед

(с.а.у.). Құранның кейбір аяттарының мағынасы айқын,

нақты болумен қатар көптеген аяттарының мазмұны

жалпылықты білдіретін кесек үкімдер күйінде кел-

ген. Міне, осындай жалпылықты білдіретін аяттарды

жалқылау, кесек үкімдерін тарқатып түсіндіру ісі Алла

тарапынан әз елшісіне жүктелген. Құранда:

«Саған

бұл зікірді (Құранда) оларға түсірілген нәрселерді

түсіндіру үшін бердік»

301

деп, пайғамбарға тікелей

түсіндіру миссиясы жүктелген. Сондай-ақ Алла елшісіне

Құранда мүлде айтылмаған кейбір нәрселердің харамдығы

мен халалдығын білдіру құзіреті берілген. Алла Тағала

Құранда Алла елшісінің миссиясын түсіндірген аятта

былай дейді:

«...Ол пайғамбар оларға жақсылықты

бұйырып, жаманшылықтан тыяды. Жағымды, хош

нәрселерді адал етіп, зиянды нахош нәрселерді харам

етеді...»

302

«Алла елшісі сендерге нені алып келсе, соны

алыңдар, ал неден тыйса, одан тыйылыңдар»

деген аят

та Алланың рұқсатымен Мұхаммед пайғамбарға (с.а.у.)

берілген харам мен халал ету құзіретін қуаттайды.

Пайғамбардың өзі:

«Уа, Адамзат! Мен сендер-

ге екі нәрсе қалдырып барамын. Соларды мықты

ұстансаңдар ешқашан адаспайсыңдар. Ол Алланың

кітабы Құран және менің сүннетім...»

303

деп, өзінің

301

«Нахл»

сүресі, 44-аят.

302

«Ағраф»

сүресі, 157-аят.

303

әл-Мустадрак алас-сахихайн, 1-том, 171-бет.

«Дарул-кутубил-

илмия»

баспасы, Бәйрут, 1-ші басылым. 1990 ж.