245
Дін мен Діл
рәкат, ақшам намазының үш рәкат, таң намазының
екі рәкат, бесін мен екінді намаздарының төрт рәкат
екенін көрдің бе?».
– «Жоқ».
– «Онда мұны сендер қайдан алдыңдар? Сендер
оны бізден, ал біз болсақ Алла елшісінен алдық емес
пе?! Жарайды, Құраннан қырық дирһамға бір дирһам,
мынанша қойға бір қой, мынанша түйеге бір түйе зе-
кет берілетінін оқыдың ба?».
– «Жоқ».
– «Ендеше, оны қайдан алдыңдар? Біз оны
пайғамбардан, ал сендер бізден алдыңдар емес пе?!
Құранның «Қағбаны тауап жасаңдар» деген аятын
оқыдыңдар ғой. Ал енді сол Құранда «Қағбаны жеті
рет тауап жасаңдар, Ираһим мақамының артында
екі ракат намаз оқыңдар» дегенді көрдіңдер ме? (әрине
жоқ!) Ендеше, сендер оны кімнен үйрендіңдер? Сен-
дер оны бізден, ал біз болсақ, Алла елшісінен үйрендік
емес пе?
– «Әлбетте».
– ...Алла Тағаланың Құранда: «Алла елшісі сендер-
ге нені алып келсе, соны алыңдар, ал неден тыйса, одан
тыйылыңдар» дегенін естімедің бе? СосынИмрантағы
да былай деді: «Біз Алла елшісінен сендер білмейтін
талай нәрселерді үйрендік»...
308
Басқа риуаятта әлгі адам осы әңгімеден кейін
Имранға:
«Менің көзімді ашқаның сияқты Алла да
сенің көсегеңді көгертсін»
деп игі дұғасын жасағаны
айтылады. Оның бұлай дұға жасауына қарағанда, ол ха-
дистерге білместікпен қарсы шыққан болатын.
Сахабаларды көзі көрген кейінгі буын табиғиндер
кезіндеде хадиске қарсышыққанадамдардыкездестіреміз.
308
Дәләәйлун-нубууа лил-Бәйһақи, 1-том, 25- бет.