Previous Page  249 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 249 / 288 Next Page
Page Background

249

Дін мен Діл

әлсіретуге әрекет жасады. Бұл зымиян пиғылдарынан

пайда таппаған олар енді Құранды хадис арқылы жоқ

етуге кірісті. Себебі, Құранның қате тәпсірленуіне Алла

елшісінің сахих хадистері бөгет екенін олар жақсы білді

311

.

Бұл ақиқатты бұрын христиан болып, кейінен 1926 жылы

мұсылмандықты қабылдаған Австриалық ғалым Лео-

польд Вейсс (Мұхаммед Әсад) ориенталистерге жауап

ретінде былай дейді:

«Сүннет біздің он үш ғасыр бойы

өркендеуімізді түсінудің негізгі кілті еді. Ендеше, қазіргі

таңдағы кері кетуімізді түсінудің де негізгі кілтін неге

сүннеттен іздемеске?».

«Алла елшісінің сүннетін жүзеге асыру – Исламды

және оның өркендеуін қорғау деген сөз. Ал сүннетті

жоққа шығару болса, Исламның ыдырап, жоғалуы

болмақ. Сүннет исламды көтеріп тұрған оның болат

қаңқасы еді. Сен кез келген ғимаратты ұстап тұрған

оның қаңқасын құлатсаң, сол ғимараттың быт-шыт

боп құлауына таң қалмайсың ғой»

312

.

Иә, шындығында да ориенталистердің негізгі

мақсаты хадис арқылы Исламды құлату еді. Осы ойын

жасырмаған Рейнхард Плетер Доузи (1820-1883) атты

ориенталист былай дейді:

«..Хадистер істеншығарылған

уақытта бес уақыт намаз екі уақытқа қысқарады, (ар-

найы шарттар арқылы төрт әйел алуға рұқсат) жалғыз

әйелге шектеліп, әйелдердің орамалы парыздығын

жоғалтады»

313

.

Хадис ғылымымен алғаш айналысқан ориента-

лист – австриялық док. Алоис Спренгер (1813-1893).

311

Мұхаммед Лұқман әс-Сәлафи, әс-Суннату Хужжиатуһа уа

мәканатуһа фил-ислами уар-радд ала мункириһа, 116-бет.

«Мактабатул-әйман»

баспасы, Мәдина, 1989 ж.

312

Исмайл Мұтлы, Сүннеті Инкар Фитнесі, 358-бет.

«Мұтлы

йайынлары»

баспасы, Станбұл, 1999ж.

313

А.а.е. 208-бет.