255
Дін мен Діл
– Сүннет қажет емес, бізге Құран жеткілікті
дейтіндердің уәждеріне жеке-жеке ғылыми тұрғыда
жауап берген ислам ғұламаларының еңбектерінің
кейбіреуінің атын жоғарыда атадық. Бәрін қамту мүмкін
болмағандықтан, бірнешеуіне ғана тоқтала кетейік.
1.
Құранда барлық нәрсенің егжей-тегжейлі
баяндалғаны аятта көрсетілген. Мысалы, Құранда:
«Біз
кітапта ешбір нәрсені кем қалдырмадық»
317
, «Біз саған
бұл Кітапты (Құранды) әрбір нәрсенің түсіндірмесі
ретінде түсірдік...»
318
делінген аяттар бар. Ендеше,
Құранда барлық нәрсе толық баяндалған болса, онда ха-
диске қандай қажеттілік бар?
Хадисті жоққа шығаратындардың келтірген бұл
дәлелдері мен уәждері мүлде орынсыз. Себебі, Құранда
барлық нәрсенің бүге-шүгесіне дейін егжей-тегжейлі
түсіндірілмегені баршаға мәлім. Ендеше, бірінші аятта
айтылған кітап Құран емес. Бұл жайлы барлық тәпсір
кітаптарында аяттағы кітаптың Құран емес, үлкенді-
кішілі барлық нәрсенің егжей-тегжейлі сипаты мен толық
тағдыры жазылған
«Ләухул-махфуз»
кітабы екендігі
айтылған. Бұл аяттың алдындағы
«Жер басқан барша
жан иесі, әуеде қос қанатымен ұшқан құс та бәрі сен-
дер сияқты (қоғам боп өмір сүруге бейім жаратылған)
жеке үмбет»
деген аятқа үңілгенімізде, оданкейінкелетін:
«Біз кітапта ешбір нәрсені кем қалдырмадық»
деген
аяттағы
«кітаптың»
Құран емес,
«Лаухул-махфуз»
екенін
түсіну қиын емес. Яғни, жерде өмір сүретін құмырсқа да,
үйір-үйір боп жүретін аңдар да, қоғам боп өмір сүретін
бал арасы да, көктегі топ-тобымен ұшқан құстар да
белгілі бір жүйеге, арнайы бекітілген ережеге бағынады.
Сол жүйенің бәрі бүге-шүгесіне дейін
«Лаухул-махфузда»
317
«Әнғам»
сүресі, 38-аят.
318
«Нахл»
сүресі, 89-аят.