Previous Page  257 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 257 / 288 Next Page
Page Background

257

Дін мен Діл

де Алла тарапынан елшісіне білдірілген уахидың бір түрі

екендігінде күллі ислам ғұламалары бір пікірде.

2.

Хадистер 200 жылдан кейін ғана қағазға

түсірілгендіктен сенімсіз. Ал сенімсіз дәйек діни

үкімдерге қайнаркөз бола алмайды. Пайғамбарымыздың

өзі көзі тірісінде хадистердің жазылуына рұқсат берме-

ген.

Хадистерді жоққа шығаратындардың бұл уәждері

де негізсіз. Олай дейтініміз, біріншіден, хадистердің

Алла елшісінің заманында мүлде жазылмағандығына

келіспейміз. Алла елшісі бірқатар хадистерінде өз сөзінің

жазылуына рұқсат берген. Мысалы, Абдулла ибн Амр

ибн Ас (р.а.) мынандай хадисті риуаят етті:

Мен «Уа,

Алланың елшісі, біз сізден көптеген жадымызда

сақтай бермейтін хадистерді естиміз. Сол хадистер-

ді жазайық па?»,

– дедім. Алла елшісі:

«Жазыңдар!»

,

– деп жауап берді

320

.

Имам Ахмедте келген басқа риуаятта:

«Уа,

Алланың елшісі! Мен сізден кей нәрселерді естимін,

соларды жазайын ба?», – дедім. Алла елшісі: «Иә»,

– деді. Мен: «Ашулы немесе қуанышты кездеріңіздегі

айтқандарыңызды да жазайын ба?», – дедім. Алла

елшісі (с.а.у.): «Әрине». Бұл екі жағдайда да мен тек

қана ақиқатты айтамын»,

– деп жауап берді .

Уаһб ибн Мүнаббиһтың бауырынан риуаят етілді.

Ол былай деді:

«Әбу Һурайраның былай деп айтқанын

естідім: «Абдуллаһ ибн Амрдан басқа Алла елшісінің

сахабаларының арасында хадисті менен көп білетін

жан жоқ. Себебі, Абдулла ибн Амр хадистерді жаза-

тын, ал мен жазбайтынмын»

321

.

320

Мұхаммед Лұқман әс-Сәлафи, әс-Суннату Хужжиатуһа уа

мәканатуһа фил-ислами уар-радд ала мункириһа, 168-бет.

«Мактабатул-әйман»

баспасы, Мәдина, 1989 ж.

321

әл-Бұхари, Бабу китабатил-хадис. әт-Тирмизи, фил-илм.