Previous Page  261 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 261 / 288 Next Page
Page Background

261

Дін мен Діл

Ал жазылмағандарын сахабалар естерінде сақтап

қалған болатын. Бір айта кететіні, арабтар мәліметтерді

көбіне жазбаша күйде емес, жаттау қабілеттері өте

жоғары болғандықтан, жадыларында сақтайтын. Бір

естіген ұзыннан-ұзақ өлеңдер мен жырларды, ата-тек

шежірелерін еш өзгеріссіз айтып беретін болған. Хадисті

жоққа шығаратындар жүздеген, мыңдаған хадисті бір

адамныңжаттауымүмкін емес дегенді алға тартады. Алай-

да бұл – қазіргі таңдағы әртүрлі керексіз мәліметтермен

басы толып, жаттау қабілеті мұқалған адамның өзі

мен төңірегіндегілерге қарап салыстыра айтқан қате

тұжырымы. Кеше жүздеген телефон номерін жатқа білетін

адамдар ұялы телефон шыққалы ең жақын адамдарының

номерлерін әрең есте ұстайтын жағдайға жетті. Кешегі

ұзыннан ұзақ сандарды бір-біріне көбейтіп, ойша есеп

шығаратындар есептегіш құрал шыққалы бұл қабілетінен

айрылды. Ендеше, әр заманды өз мүмкіншілігімен қарау

қажет. Ары бармай-ақ қояйық: көшпенді халықтарының

шежіресі, жырлары мен дастандарының өзі осы ауыз

әдебиеті мен жаттау жолымен жеткен жоқ па? Бір

жерде айтылған Қобыланды секілді ұзын жырларды,

ақындардың айтқан айтыстарын сол жерде естіген адам-

дар келесі жерде еш өзгертусіз жұртқа жатқа айтып жүрді

емес пе? Ал Алла елшісінің аузынан шыққан хадистер

бұл өлең емес, жөнсіз айтылған ұзыннан ұзақ әшейін

сылдыр әңгіме де емес. Пайғамбарымыз (с.а.у.) жөні

жоқ ретсіз сөйлемейтін. Көбіне белгілі бір оқиғаға орай,

яки сұраған сұрақтарға қарай нақты жауап беретін.

Белгілі бір сұраққа жауап ретінде немесе қандай да

бір оқиғаға байланыстырыла айтылған сөз сол жауап-

ты күткен, яки сол оқиғаға қатысы бар әрбір адам үшін

маңызды болғандықтан, сахабалардың жадында хадистер

өте жақсы сақталған. Мысалы, сіз елбасымен яки басқа