267
Дін мен Діл
Екіншіден, қазіргі ғылым Күн планетасының біздің өмір
сүріп отырған жер шарынан қанша есе үлкен екенін айтып
отыр. Тіпті, миллиондағын жылдан бері бізге жарығы әлі
келіп жетпеген Күннен де үлкен алыстағы алып планета-
лар мен жұлдыздардың бар екендігі дәлелденіп отыр. Ал
енді мына дүниеде мұндай алып денелердің бар екеніне
күмән келтірмеген адамдардың Алла елшісі айтқан
жұмақтағы алып ағашты жатырқап, оны қисынға қайшы
санауларына жол болсын!?
Хадисті қабылдамайтындардың ақылға қайшы
санаған тағы бір сахих хадиске көз жүгіртейік: Алла елшісі
былай дейді:
«Қайсыбіріңіздің (ас-су) ыдысына шыбын
түссе, оны (сол ас-суға) батырып жіберіп, қайта алып
тастасын. Өйткені қанаттарының бірінде – ауру, ал
келесісінде – шипа бар»
331
.
Бұл хадис имам Бухари секілді сенімді хадис
жинақтарында кездеседі. Алғаш рет бұл хадисті қисынға
қайшы санап жоққа шығарған Мұғтазила ағымы еді.
Кейіннен ХХ ғасыр ориенталистері мен кейбір ғылым
адамдарының өлшемдеріне сай келмегені үшін сынға
ұшырады.
Алайда бұл хадисте үлкен ғылыми ақиқат айтылған.
Мұны қазіргі ғалымдар мойындап отыр. Ол былай: шыбын
бір сұйық затқа түскенде, қанаттарының бірін сақтықпен,
жоғарыда ұстауға тырысады. Яғни, екі қанатын бірдей ба-
тырмайды. Өйткені қонған жерінен қайта ұшқанда, құрғақ
қанаты оның ұшып кетуіне жеңілдік жасайды. Бірақ әр
жерге бір жақ қанатымен қонып жүрген шыбын біздің ас-
суымызға да сол былғаныш қанатымен қонатындықтан,
оған микробжұқтыратыны анық. Ал енді мұндайжағдайда
ескерілетін нәрсе, шыбын түгелдей ыдысқа батыры-
лып барып қайта шығарылып тасталуы тиістігі. Өйткені
331
Бухари, Бәд’ул-Халқ, 17, Тыбб, 58.