Previous Page  273 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 273 / 288 Next Page
Page Background

273

Дін мен Діл

Неге айтсын пайғамбар мен оны Алласы»

335

, – деп

Құран аяты мен пайғамбар хадисінің сөздердің ішіндегі

ең қастерлісі екенін әрі олардың қисынмен қиысатынан

жеткізген.

Ал Ақмолла ақын:

«Жарар еді өзімізді қарасақ біз,

Ғылымның керегіне жарасақ біз.

Ғылымды ғибадатқа ат қылып мініп,

Көбірек тәпсір, хадис қарасақ біз», – деп хадистерді

оқуға, ғылым үйренуге шақырған.

Сөз соңы ғасырлар бойы қалыптасып, халқымыздың

жүрегіне бекіген сүннетке деген шынайы сенім мен

құрметтің мұндай тамыры жоқ таяз тұжырымдармен

шайқалмасы анық.

335

Абай Құнанбаев, Қалың елім, қазағым, 48-бет.

«Атамұра»

баспасы, 2002 ж.