268
Дін мен Діл
оның бір қанатында микроб болса, екінші қанатында сол
микробты жоятын антимикроб бар. Өліммен арпалысқан
шыбынның арқасынан нұқып кеп жібергенде, сақталған
антимикроб құтысы жарылып кетеді. Осылайша, шыбын
алғашқы қанатымен жұқтырған микробты дезинфекция-
лайды.
Ғалымдар шыбынның арқасынан басқан кезде
микроскоп арқылы кейбір микробтардың кәдімгідей
қимылдап жүргендерін байқаған. Бүгінде олардың стери-
лизация қызметшілері екеніне ғылым толық көз жеткізіп
отыр. Бұл тек шыбынға ғана емес, шаян, бал арасы секілді
жәндіктерге де қатысты. Мысалы, шаян шаққан жерге ша-
янды езіп жағу да емдеу тәсілінің бір түрі. Ал бал арасы
бір жағынан шипалы бал жасаса, екінші жағынан улы сөл
бөлетіні мәлім.
Бір ескере кететін жайт, ас-суға түскен шыбын-
ды батыру міндеттелген парыз емес. Бірақ қажет кезде
қолдануға да болатын ғылыми ақиқат.
Сүннет қажет емес дейтіндердің қисынға қайшы ха-
дис ретінде Алла елшісінің:
«Ешкім сол қолымен тамақ
жеп, су ішпесін. Себебі, шайтан сол жағымен ішіп,
жейді»
деген сөзін келтіреді. Яғни, сол қолдың оң қолдан
қандай айырмашылығы бар, оны да Алла жаратты емес
пе? Сол қолдың жазығы не? дегендей қысыр қисындарын
алға тартады.
Олардың бұл уәждеріне жауап берер болсақ,
біріншіден, төрт мәзһаб ғұламалары тамақты оң қолмен
жеуді діни міндет деп емес, әдеп, этика тұрғысынан
қарастырған. Себебі, көбіне сол қол көңілге жағымсыз
немесе былғаныш нәрселерді ұстауда қолданылады. Тіпті
біреуге бір нәрсені алып беруде де оң қолды қолдану
этикаға жатады. Бұл сол қол мүлде қолданылмасын
деген сөз де емес. Кез-келген істе сол қолды оң қолға