272
Дін мен Діл
тарихта ешбір ислам әлемінде кең ауқымда қолдау
таппаған. Оның үстіне қазақ елінің әдет-ғұрпы мен
болмысы хадистермен біте қайнасып, санасына сіңіп,
тамырына тарап кеткен. Қазақтың көптеген мақал-
мәтелдер мазмұнына да көз жүгіртсек, қайнарының
пайғамбарымыздың хадистеріне барып тірелетініне куә
боламыз
333
.
Басқа мұсылман халықтар секілді қазақ даласында
да пайғамбар сөздері мен сүннетіне деген құрмет пен
қастерлеу ерекше орынға ие. Қожа Ахмет Йассауи баба-
мыз:
«Үмбет болсаң, Мұстафаға ерер болғыл,
Айтқандарын жан-тәніңмен сен де алғыл...
Сүннеттерін бекем тұтып, үмбет болғыл,
Күндіз түні мадақ айтып, ұлпат бол», – деп,
мұсылмандарды Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың артына
еруге, айтқан хадистеріне сеніп, сүннеттерін бекем тұтуға
шақырған.
Қазақ халқының хадиске деген құрметін Абайдың:
«Аят, хадис емес қой,
Күпір болдың демес қой,
Қанша қарсы келсеңіз»
334
, – деген өлең жолдары-
нан да байқауға болады. Абай бұл жыр жолдарында аят
пен хадиске қарсы келудің күпірлік екенін, ал одан өзге
ойларды еркін айтуға болатындығын жеткізген. Абайдың
басқа бір өлеңінде:
«Әуелі аят, хадис – сөздің басы,
Қосарлы бәйіт сымал келді арасы.
Қисынымен қызықты болмаса сөз,
333
Кеңірек мағлұмат үшін қараңыз: Шәмшат Әділбаева, Сүннет-
салтымыз, хадис-ғұрпымыз,
«Көкжиек»
баспасы, 2009 ж.
334
Абай Құнанбаев, Қалың елім, қазағым, 32-бет.
«Атамұра»
баспасы, 2002 ж.