Previous Page  269 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 269 / 288 Next Page
Page Background

269

Дін мен Діл

көмекші ретінде қолдануға болады. Екіншіден, хадисте

айтылған шайтанның қалай сол жағымен ішіп-жейтіні

бізге беймәлім болғандықтан, сақтық та қорлық жоқ.

Үшіншіден, Құранда, күнәһарлардың амал дәптері

сол жақтарынан, ал салиқалы құлдардыкі оң жақтан

берілетіндігі айтылған. Құранда бұлай айтылғанына

қарағанда оң қолмен, сол қолдың бірдей емес екені

анық. Сондықтан оң қолмен жеудің адамға нендей руха-

ни әсері, тіпті астың қорытылуына қандай пайдасы бар

екені әлі толық зерттелмеген. Адам бойындағы жағымды,

жағымсыз қуаттардыңбұғанқатысыбарма, бұлөз алдында

зерттеуді қажет ететін ауқымды тақырып. Бұл анықталса

да, анықталмаса да оң қолмен жеудің Алла елшісінің

күнделікті өмірде жасаған үлгілі ісі екені анық. Ендеше,

мұсылман баласы пайғамбарын үлгі алып, оң қолымен

жесе, Құрандағы

«Алла елшісінде сендер үшін керемет

өнеге бар»

332

деген мағынадағы аятқа сай болғандықтан,

ондай құлдың сауапқа кенелері сөзсіз.

Әсілінде мұндай хадис мазмұнына қарсы шығудың

астарында батыс мәдениетінің алдында бүгежектеп,

төменшектеуден туындаған психологиялық жеңіліс

жатыр. Бәрімізге белгілі, батыста тамақ жегенде оң

қолға пышақты, сол қолға шанышқыны ұстайды. Міне,

осындай батыстың ешбір негізге сүйенбеген жылтырақ

мәдениетіне еліктеп, өз құндылықтарына күмәнмен

қарайтындарпайғамбарымыздыңжоғарыдағысолқолмен

жеуді құптамаған хадисін жоққа шығаруға тырысқан.

Шыны керек, мұсылман үшін батыс мәдениеті өлшем

емес. Керісінше біз өз құндылықтарымызбен мақтануға

тиіспіз. Мұсылман мәдениетінде бізді ұятқа қалдырып,

басымызды төмен қарататындай ешбір қағиданың жоқ

екенін әсте естен шығармауымыз ләзім.

332

«Ахзаб»

сүресі, 21-аят.