Previous Page  264 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 264 / 288 Next Page
Page Background

264

Дін мен Діл

дұрысы мен әлсізі, жақсысы мен ойдан шығарылғаны

анықталды. Мысалы, бір хадисті тізбек бойынша бірнеше

адам риуаят еткен болса, сол риуаят еткен әр адамның

өмір баянын, тақуалығы мен білімін, адамгершілігі мен

жаттау қабілетін толықтай зерттеп барып хадистердің са-

хих яки әлсіз секілді дәрежелерін анықтады. Хадистерді

бір-бірімен салыстыра отырып кейбір артық сөздерін де

айқындады. Ешбір дінге, ешбір ғылымға нәсіп болмаған

«ғилмул-жарх уәт-тағдил, ғилмул-рижалил-хадис»

329

сынды ғылыми тәсілдер арқылы Құранның түсіндірмесі,

Алла елшісінің сөздері бізге дейін дін аман жетті. Бұл

ғылым дамығанға дейінгі қағазға түскен хадистер де осы

тәсіл бойынша қайта сүзіліп, електен өткізілді. Кейіннен

имам әл-Бұхари,Мүслим секілді мәшһүр хадис ғалымдары

тарапынан арнайы қатаң шарттар арқылы анықталған са-

хих хадистер өз алдына жеке кітап ретінде жинақталды.

Кейбір білімі шала адамдар хадистердің қағазға түсірілу

дәуірін имам әл-Бұхариден бастайды. Бұл дұрыс емес,

сахабалардың, одан кейінгі табиғиндердің кезінде де ха-

дистер қағазға түсіріліп, сахих хадистерді әлсіз хадистер-

ден ажырататын ғылыми әдістемелер пайда бола бастаған

еді.

3.

Хадисті қабылдамайтындардың тағы бір уәжі –

көптеген хадистердің ақылға, қисынға келмейді деулері.

Мен олардың бұл тұрғыда мысал ретінде келтірген

хадистерін оқып көрдім. Бірақ олардың мысал ретінде

келтірген хадистері онсыз да ешбір ислам ғалымының

қабылдамайтын өте әлсіз, яки ойданшығарылған хадистер

екенін байқадым. Тіпті, кейбіреуі хадис жинақтарынан

емес, хикая кітаптарынан келтірілген.

329

Хадисті риуаят еткен кісілердің тақуалық, есте сақтау қабілеттері

секілді жағдайларын зерттейтін ғылым.