262
Дін мен Діл
бір маңызды тұлғамен бірнеше сағат бірге болсаңыз, ол
кісінің сізге айтқан әрбір сөзін жадыңызда жақсы сақтай
аласыз. Неліктен? Себебі, сіздің санаңыз оны қабылдауға
әрі жаттауға даяр болғаны үшін. Ал сахабалардың Алла
елшісіне деген құрметі мен сүйіспеншілігі бұл мы-
салмен мүлдем салыстыруға да келмейтіндей көп еді.
Ғуруа ибн Мәсғұд
«Худайбия»
келісімінде Алла елшісі
мен сахабаларын көргеннен кейін құрайыштықтарға:
«Уа, қауымым! Мен көптеген патшаларға елші бо-
лып бардым. Қайсарға да (Римнің патшасы), Кисра
(Иранның патшасы) мен ән-Нажашиға (Эфопияның
патшасы) да елші боп бардым. Аллаға ант етейін!
Мұхаммедтің сахабалары оны сыйлағанындай ешбір
патшаны төңірегіндегілер сыйлаған емес. Аллаға ант
етейін! Егер бір істі бұйырса, оны дереу орындауға
кіріседі. Егер дәрет алар болса, артылған дәрет суына
(тәбәрік үшін) таласады. Оның алдында сөйлейтін
болса дауыстарын бәсеңдетеді. Құрмет ретінде оның
(с.а.у.) көзіне ешқайсысы тік қарамайды»
дегені риуаят
етілген. Сахабалардың әз пайғамбарымыз Мұхаммедке
(с.а.у.) деген мұндай құрметі мен сүйіспеншілігі оның
Алла жіберген ақырғы елші әрі сүйікті құлы болуынан
туындағандығында ешшүбәжоқ. Ендеше, осындай құрмет
пен сүйіспеншілікке ие болған Алла елшісінің әрбір сөзі
зая кетпей зердеде сақталарында еш күмән жоқ.
Хадистер сахабалар мен табиғиндердің заманында
қағаз, сүйек, бөз, тері сияқты нәрселерде сақталумен қатар
жаттау тәсілімен де сахабалардан табиғиндерге, олардан
басқаларға риуаят жолымен жетіп жатты. Ресми түрде
һижри І ғасырдың соңында, ІІ ғасырдың басында бесінші
рашид халифа Омар ибн Абдил-Азиздің бұйыруымен
мемлекеттік деңгейде ресми түрде хадистерді қағазға
түсіріп, жинақтау дәуірі басталды. Халифа Омар ибн
Абдил-Азиз қарамағындағы ибн Шиһаб әз-Зүһри сынды