Previous Page  260 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 260 / 288 Next Page
Page Background

260

Дін мен Діл

Пайғамбарымыз дүниеден озғаннан кейін де кейбір

сахабалар хадистерді жазып жүрді. Мысалы, имам

Бұхаридың Әнас ибн Мәликтен риуаят еткен хадисінде

былай делінеді: «

Әбу Бәкір Әнас ибн Мәликті Бахрейн-

ге жіберген кезде мынаны жазып берді:

«Бисмиллаһир-рахманир-рахим, бұл Алла Тағала-

ның пайғамбарына бұйыруымен пайғамбардың

мұсылмандарды міндеттеген зекет парызының

мөлшері. Кімде-кімнен зекетті осы бойынша беруі

талап етілсе, онда өтесін, ал бұл мөлшерден жоғары

болса, бермесін».

Сондай-ақ, әд-Даримидің риуаятында Башир ибн

Нәһиктің былай дегені жеткізілген:

«Әбу Һурайрадан

естігендерімді жазып жүрдім. Мен одан кетер кезде

жазғанымды алып келіп оған оқығанымда былай деді:

«Бұл – менің сенен естігендерім». Ол: «Иә» деп жауап

берді»

325

.

Сондай-ақ Абдуллаһ ибн Аббас пайғамбарымыз

қайтыс болғаннан кейін сахабалардан хадистер жинап,

оны жазып отырған. Абдуллаһ ибн Аббас қайтыс болған

кезде артында бір түйенің жүгіндей кітап қалған. Бұл

кітаптардың арасында хадистердің де бар екені риуаят

етілген. Бұған қоса, Жабир ибн Абдиллаһ сынды бірқатар

сахабалар мен Һуммам ибн Мүнәббиһ тәрізді көптеген

табиғиндердің де хадис жазған кітаптары болған. Һуммам

ибн Мүнәббиһ Әбу Һурайра делінген мәшһүр сахаба-

ны көзі көріп, одан көптеген хадистерді жазып алған.

Оның жазып алған хадистерін қамтыған парақтарға

«әс-

сахифатус-сахиха»

яғни,

«шынайы, дұрыс парақтар»

делінген

326

.

325

А.а.е. 184-бет.

326

Мұхаммед Ажжаж әл-Хатиб, әс-Суннату қаблат-тадуин,

353-355-бет.

«Мәктабуту уәһба»

баспасы, ІІ-басылым, 1988ж.