Previous Page  256 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 256 / 288 Next Page
Page Background

256

Дін мен Діл

жазылған. Олай болса, аяттың мағынасы

«Лаухул махфуз-

да»

тағдырдың ешбір нәрсесі кем қалмады әрі жүйені

бұзатын қандай да бір ағаттыққа орын бермедік дегенді

білдіреді. Аятты бұлай түсінбесек, онда Құранда барлық

ұсақ нәрселерге дейін егжей-тегжейлі айтылмағандықтан

Жаратқан сөзі ақиқатқа қайшы болар еді. Ал оның олай

болуы әсте мүмкін емес.

Ал дәлел ретінде келтірілген

«Біз саған бұл

Кітапты (Құранды) әрбір нәрсенің түсіндірмесі ретінде

түсірдік...»

деген аятқа келер болсақ, ондағы Құранның

әрбір нәрсеге түсіндірме ретінде жіберілуін былай ұғуға

болады: Құранда адамға қажетті дүниәуи һәм ақыреттік

барлық ережелер мен мәліметтер, құлшылыққа қатысты

қағидалардың басым көпшілігі жалпы қағида ретінде,

кесек үкім күйінде қамтылған. Олай болса, аятта

айтылған

«Құранның барлық нәрсеге түсіндірме

ретінде жіберілуін»

осы тұрғыдан қарастыруға бола-

ды. Яғни, Құран адамзатқа қажетті барлық нәрселердің

түсіндірмесін мәйек күйінде, жалпы қағида ретінде

қамтыған.

Сондай-ақ пайғамбарымыздың Құрандағы

«Алла

сауданы адал, ал өсімді харам етті»

деген секілді жалпы

үкімдердің тармақтарын талдап түсіндіруі мен Құранда

мүлде айтылмаған кейбір үкімдерді сүннеті арқылы

білдіруі де аятта айтылған

«Құранның әрбір нәрсеге

түсіндірме ретінде жіберілуіне»

жатады. Себебі, хазірет

Мұхаммед (с.а.у.) – Алланың елшісі. Ал елшінің діни

үкімді өзін елші етіп жіберген Ұлы Иесінің рұқсатымен

ғана айтатындығы хақ. Құранда

«Ол (пайғамбар) (дінге

қатысты) ешбір нәрсені өз ойынан (нәпсі қалауымен)

айтпайды. Оның (дінге қатысты) айтқаны тек қана

өзіне білдірілген уахи ғана»

319

делінеді. Ал сүннеттің

319

«Нәжм»

сүресі, 3-4 аят.