Previous Page  251 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 251 / 288 Next Page
Page Background

251

Дін мен Діл

мәжбүрледі»

деген сөзін

«Әмәуи басшылары бізді хадисті

ойдан шығарып жазуға мәжбүрледі»

деп бұрмалап

аударған. Хадистермен айналысып жүрген ғылым ада-

мын сүннетті қағазға түсіруге мәжбүрлеп міндеттеу

бір бөлек те, оны ойдан шығарып жазуға мәжбүрлеу

мүлдем бөлек нәрсе екенін көкірегі таза әркімнің айы-

ратыны анық. Хадистерді қорғап үлкен еңбек жазған әрі

ориенталистердің қасақана бұрмалаулары мен дінді бұзу

мақсатында біржақты жасаған зерттеулерінің бетін ашып

берген ислам ғалымы Мұстафа Сибағи Голдзиһердің

жоғарыда көрсетілген бұрмалауын Шахт атты ориен-

талиске көрсеткендігі жайлы мына бір оқиғаны келтіре

кетуді жөн көрдік. Ол былай дейді: «Голландияның

Лейден

университетінде,

ислам

ақиқаттарын

бұрмалап, оған жала жабуда Голдзиһердің ізін

жалғаған ориенталист еврей Шахтпен жолықтым. Оған

Голдзиһердің қателіктерін және кітаптарымызды әдейі

бұрмалағандығын айттым. Баста мұны қабылдағысы

келмеді. Бірақ мен Голдзиһердің сүннет тарихына

байланысты жазған кітабынан мысалдар келтіре оты-

рып, Зүһридің

«Әмәуи басшылары бізді хадис жазуға

мәжбүрледі»

деген сөзін

«Әмәуи басшылары бізді

хадисті ойдан шығарып, жазуға мәжбүрледі»

деп қалай

бұрмалағандығын айттым. Алғашқыда таңырқады.

Сосын кітапханасынан Голдзиһердің кітабын алып

қарап, маған

«дұрыс айтасың»,

Голдзиһер бұл жерде

қателескен екен,»-деді. Мен оған:

«Бұл тек «қателік»

пе?»

-дедім. Ол ашуланып:

«Неліктен бірден жаман

ойлайсыңдар?»

-деді. Мен әңгімені Зүһридің Әмауилер

патшасы Абдул-Мәликпен болған байланысына қатысты

Голдзиһердің зерттеуіне қарай ойыстырдым. Сөйтіп мен

оған Голдзиһердің пікірлерінің қате екенін әшкерелейтін

тарихи шындықтарды көрсетіп бердім. Арамыздағы