Previous Page  246 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 246 / 288 Next Page
Page Background

246

Дін мен Діл

Мұттариф ибн Абдуллаға бір кісі:

«Бізге хадисті айта

бермеңдер. Тек қана Құранда бар нәрселерді айтыңдар»

деді. Мұттариф оған:

«Аллаға ант етейін, біз

хадистерді Құранның орнына айтып жатқан жоқпыз.

Хадистерді айтудағы мақсатымыз Құранды бізден де

жақсы түсінген Алла елшісінің сөзін баяндау»

– деп,

пайғамбарымыздың хадистерінің Құранды түсіндіру үшін

айтылатындығын білдірген.

Әбу Ханифаға Куфалық біреу:

«Бізге хадис оқыма»

деп қарсылық білдіргенде, Имам Ағзамның:

«Егер сүннет

болмағанда ешқайсымыз Құранды дұрыс түсінбес

едік»

309

деген жауабы хадиске қарсы шығу оқиғасының

табиғиндер дәуіріндегі тағы бір көрінісі.

Сүннетті жоққа шығару бүлігі жүйелі түрде алғаш

рет Һижри екінші ғасырдың басында пайда болған.

Бұл бүліктің артында харижилар мен мұғтазила секілді

ағымдар тұрды.

Үшінші халифа Осман ибн Аффанды бүлікшілер

өлтіргеннен кейін Али (р.а.) мен Муғауия (р.а.) ара-

сында келіспеушілік орын алды. Тіпті, Әли мен

қарсыластарының арасында Сыффын және Жәмал

соғыстары да болды. Бұл соғыстардан кейін Али мен

Мұғауия «төрелік» (тахким) жолымен бітімге келген бо-

латын. Осы төрелік пен бітімге қарсы шыққан топ Хари-

жилар болатын. Олар бұл төрелік пен бітімді қабылдаған

барлық сахабаларды кәпір санап, Алидің де Мұғауияның

да жақтастарынан бөлініп шыққандығы үшін

«Хауариж»

делінді. Хауариж арабшада

«бөлініпшығушылар»

дегенді

білдіреді. Харижилар сахабаларды кәпір санағандықтан,

олардың риуаят еткен хадистерінен бас тартты. Тіпті

өздерінен өзгеше ойлайтын мұсылмандарды өлтіруге

309

Исмайл Мұтлы, Сүннеті Инкар Фитнесі, 243-бет.

«Мұтлы

иайынлары»

баспасы, Станбұл, 1999ж.