252
Дін мен Діл
бұл тақырыптағы пікірталастан кейін Шахт:
«Бұл
жерде де Голдзиһер қателескен екен. Ғұламалар да
қателеседі ғой!»,
– деді. Мен оған:
«Голдзиһер – ғылыми
тұжырымдарын тарихи уақиғаларға негіздейтін батыс
шығыстану мектебінің негізін салушытұлға. Бірақ сөйте
тұра неліктен Зүһри туралы тұжырым жасағанда осы
ұстанымынан айныған? Ол қалай ғана «Зүһри патша Аб-
дул Мәликке жағу үшін Ибн Зүбәйрге қарсылық ретінде
әл-Ақса мешітінің қасиеттілігіне байланысты хадисті
ойдан шығарған» деп айта алады. Ал шындығында, Зүһри
Ибн Зүбайр қайтыс болғаннан жеті жылдан кейін ғана
Абдул-Мәликпен кездесті емес пе?», – дедім. Осы жерді
Шахттың беті қызарып кетті де, қолдарын уқалай ба-
стады. Түрінен ызасы мен сасқаны көрініп тұр. Мен оған
сенің «қателік» деп қана қарастырған осындай мәселелер
алдыңғы ғасырда кең тарап, бір ориенталистен екінші
бір орианталиске тарихи ақиқат ретінде жетіп от-
ырды. Біз мұсылмандар бұлардың бәрін кітаптың ав-
торлары дүниеден өткеннен кейін ғана біліп отырмыз.
Алайда осы «қателіктеріңізге» байланысты айтар
ескертулерімізді сіздердің хадиске байланысты жаңсақ
пікірлеріңіз ғылыми шындық ретінде қабылданбай
тұрғанда, өздеріңіз тірі кезде дұрыстап қарап, нәтиже
шығарсаңыздар», – деп онымен болған әңгімемді
аяқтадым»
314
.
Голдзиһер сынды хадисті жоққа шығарған ба-
тыс шығыстанушыларының барлық дәйектері мен
пікірлеріне, бұрмалаулары мен уәждеріне Мұстафа
Сибағидың
«Сүннет және оның ислам шариғатындағы
орны»,
әл-Маудудидің
«Сүннеттің шариғаттағы
орны»,
Мұхаммад Ажжаж әл-Хатибтің
«Жазылып,
314
Мұстафа әс-Сибағи, әс-Суннату уә мәканатуһа фит-ташриғил-
ислами, 15-бет,
«әл-Мактабул-ислами»
баспасы, Бәйрут, 1985ж.