253
Дін мен Діл
жинақталғанға дейінгі сүннет»,
Махмуд Мұхаммед
Мазруғаның
«Алла елшісінің сүннетіне қатысты
Құраншылардың күмәндары»
, Мұхаммед Лұқман әс-
Сәлафидің
«Сүннеттің шариғатта дәлел болуы мен
оның исламдағы орны және оны жоққа шығарушыларға
жауап»
сынды еңбектерінде ғылыми тұрғыдан жан-
жақты жауап берілген.
Ориенталистердің уәждері мен ғылыми бұрмалау-
лары мен біржақты дұшпандық зерттеулеріне алданып,
соларға ерген бірқатар мұсылмандар да болды. Хадисті
жоққа шығару XIX ғасырдың соңында Үндістанда бас
көтере бастады. Үндістан ол кезде ағылшындардың
отары болатын. Үндістанды мекендейтін ислам
дінін ұстанбайтын барлық тайпалар мен ұлт өкілдері
ағылшындарға бас иді. Ал мұсылмандар ағылшындарға
бас имек былай тұрсын, бірнеше рет оларға қарсы қарулы
көтеріліс ұйым-дастырды. Бұл көтерілістердің ең әйгілісі
1857 жылы болды.
Мұсылмандарды күшпен бағындыруға шамалары
келмеген ағылшындар енді олардың күшін ыдыратып,
ынтымақтарын іріту үшін араларына түрлі бүлік кіргізуді
жоспарлады. Әуелде кейбір атақ-мансапқа, ақша мен
дүниеге жақын адамдарды тәрбиелеп, оларды халық ара-
сында танымал етті. Сөзі тыңдалып, айналасына адам
жиналатын жағдайға келгеннен кейін кезекті жоспарла-
рын жүзеге асырып отырды. Содан барып Үндістанда
өзін
«пайғамбармын»
деп
«Ахмадия»
ағымын құрған
Мырза Ғұлам Ахмед, Пайғамбарды сүйгенін айтып,
оған Аллаға тән сипаттарды таңған Ахмед Рида Хан
сындылар мен өзін жаңа ғасырдың мүжәддиді санайтын
хадистерді жоққа шығарушы – Сайд Ахмад Хан тәрізді
ғалымсымақтар пайда болды. Артынша
«Умматун мус-
лиматун»
ұйымын құрған Абдуллаһ Шакралуай, Ахмад
әд-Дин әл-Амритсири, Ғұлам Ахмад Пәруиз секілді адам-