Previous Page  248 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 248 / 288 Next Page
Page Background

248

Дін мен Діл

белгілі батыс исламға деген дұшпандығын түрлі

тәсілдермен жүзеге асырып отырды. Кешегі Ис-

лам әлеміне бірнеше қайтара жасалған

«кресшілер

жорығы»

сәтсіз аяқталғаннан кейін олар ислам дінінің

негізгі құндылықтарына, мәдениеті мен тарихына тіл

тигізіп, бұрмаланған ғылыми негізде шабуыл жасауға

көшті.

«Әл-муслимун»

газетінің ұйымдастыруымен өткен

сүннетке байланысты дөңгелек үстөлде баяндама жасаған

проф. Абдул-Жәлил баяндамасының бір жерінде бы-

лай дейді:

«Ислам үмбеті бүгінде он үшінші ғасырдағы

қым-қиғаш қиын жағдайға тағы да тап болып отыр.

Өйткені ғасырларда мұсылмандарға қарсы бір жақтан

кресшілер жорығы жүрсе, екінші жақтан монғолдар

шабуыл жасаған болатын. Бірақ мұсылмандардың

табандылығының арқасында монғолдар жеңіліс та-

уып, христиандардың шабуылы тойтарылып, олар өз

елдеріне қайтты. Алайда кресшілер жорығы мұнымен

аяқталған жоқ. Томас Аквин сынды бірқатар адам-

дар мұсылмандарға қарсы ең әсерлі соғыстың қарумен

емес, идеологиямен болуы керектігін ұсынды. Міне осы

уақыттан бері батыс тарапынан мұсылмандарға қарсы

сипаты мен тәсілі өзгеше «кресшілер жорығы» бастал-

ды. Барлық ислами құндылықтарға көлеңке түсіріп,

мұсылмандардың діндеріне деген сенімін әлсіретіп,

күмән салу үшін қолдарынан келгенін істеп бағуда. Бұлар

тек қана сүннетке емес, Құранға да күмән туғызу үшін

бар күштерін салуда»

310

.

Ориенталистер ең әуелі, Исламның негізгі қайнар

көзі Құранның айналасында әр түрлі күдікті ойлар

шығарып, мұсылмандардың санасын улап, имандарын

310

Мұхаммед Ғазали, Фыкыһчылара ве Хадисчилере гөре небеви

сүннет, 308 бет. Ауд: Меһмед Гөрмез, әл-Муслимун газетінің

ұйымдастырған дөңгелек үстелінде болған баяндамалар осы

кітаптың соңына қосымша қосылған.