250
Дін мен Діл
Үндістанға жіберілген Спренгер Делиде құрылған «Ис-
лам ғылымдары» факультетінің деканы болды. Хадистер-
дің басым көпшілігінің ойдан шығарылғандығын және
хадистерге байланысты алғаш күдік салған ориента-
лист осы. Спренгердің ізімен жүрген Рейнхард Пле-
тер Доузи (1820-1883) атты ориенталист хадистерге
байланысты күмәнді пікірлерін
«Essai sur l Histore
de-Islamise»
атты еңбегі арқылы білдірді. Кейіннен
германиялық Джордж Вилл Дэвид Самуэль, британдық
Марголиус (1885-1940), франциялық П. Генри Лэм-
менс (1862-1937) және белгиялық еврей Игнац Голд-
зихер (ө.1921) сынды бірқатар ориенталистер сүннетті
жоққа шығару мақсатында өздерінше ғылыми
еңбектер жазды. Еңбектерінде ғылыми бұрмалауды
да шебер жүзеге асырып отырды. Мысалы, Игнац
Голдзихер сахабалардың Құранда Алла тарапынан
«Ансарлар мен Мүһажирлердің алғашқылары мен
Алланы көріп тұрғандай, тіпті болмаса, Алла оларды
көріп тұрғандай сеніммен олардың арттарынан
ергендерден Алла разы болды әрі олар да Алладан
разы болды. Оларға мәңгілік тұрақтайтын астынан
ағып жатқан өзені бар жұмақ әзірледі»
деп арнайы аят
арқылы мақталғанына қарамастан
«сахабалар хадистерді
ойдан шығарып, Мұхаммедтің атынан риуаят еткен»
деп, оларға жала жапқан.
Сондай-ақ, Голдзихер хадистерді ресми түрде
жинақтап, қағазға түсіргендердің бірі Зүһридің сөздерін
бұрмалаудан да тайынбаған. Хадистерді жадында
жақсы сақтап, Алла елшісінің сүннеттеріне барын-
ша қызығушылық танытып жүрген ғалым Зүһриге
Әмәуи билігі тарапынан ресми түрде хадистерді қағазға
түсіріп, жинақтау ісі міндеттеледі. Осыған байланысты
Зүһридің:
«Әмәуи басшылары бізді хадистерді жазуға