254
Дін мен Діл
дар да өздерінің хадисті жоққа шығаруға байланысты
пікірлерін халық арасында жаюға тырысты. Бұлардың
ішіндегі ең ықпалдысы – Ғұлам Ахмад Пәруиз. Ол өзінің
«Әһлус-зикр уәл-Құран»
деген ұйымын құрды. Бірақ оның
ықпалы мұсылман ғалымдарының берген жауаптары
арқылы әлсіреп, жамағаты ыдырады. Үндістаннан Па-
кистан бөлінген уақытта сүннетті жоққа шығару бүлігі
«Паруизшылар»
деген атпен Пакистанға бірге ере барды.
Бірақ ислам ғұламалары олардың бүлігіне қарсы бірқатар
еңбектер жазып, кең жайылуына жол бермеді
315
.
Мысырда да ХІХ ғасырда Дози секілді
ориенталистердің сөзіне еріп, сүннетті жоққа шығаруға
тырысқан Мырза Бакир, Мұхаммед Тауфиқ Сыдқи,
Махмуд Әбу Раййа сынды шолақ белсенділер пай-
да болды. Бірақ бұлардың соңынан еріп, олардың
пікірлерін жақтаған мұсылмандар болмады. Қазіргі
таңда Түркияда да Иашар Нұри Өзтүрік тәрізді сүннетті
жоққа шығаратындар кездеседі. Ол өзінің
«Құрандағы
ислам»
деген сүннетті сынға алған кітабын жазды. Алай-
да түрік ғалымдары да оның пікірлерінің қате екендігін,
тіпті аталмыш еңбегіндегі автордың өзіне өзі қайшы
келетін тұстарын көрсетіп, оған қарсы кітаптар жаз-
ды
316
. Түркияда да дінде үнемі жеңілдік іздейтін кейбір
құлшылыққа құлықсыз адамдарды қоспасақ, олардың
артынан ерген жамағат шықпады.
– Сонда сүннетті жоққа шығарушылар нендей
уәждерге сүйенеді және оған ислам ғұламаларының
жауабы қандай?
315
Үндістан мен Пакистандағы сүннетті жоққа шығарушылар
жайлы кең мағлұмат үшін қараңыз; Махмуд Мұхаммед Мазруға,
Шүбәһатул-Құранийн хаулас-суннатин-нәбаууия.
316
Исмайл Мұтлы, Сүннеті Инкар Фитнесі, 301-347 беттер.
«Мұтлы
иайынлары»
баспасы, Станбұл, 1999ж.