Previous Page  258 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 258 / 288 Next Page
Page Background

258

Дін мен Діл

Осы сынды көптеген риуаяттардан Алла елшісінің

(с.а.у.) кейбір сахабаларына хадистерді жазуға

рұқсат бергендігін аңғарамыз. Ендеше хадистердің

пайғамбарымыз бақилық болғаннан кейін алғаш рет екі

жүз жылдан кейін жазыла бастады дегендері негізсіз.

Ал хадисті жоққа шығаратындардың дәлел ретінде

келтіріп жүрген Әбу Һурайрадан риуаят етілген: «Біз

хадистерді жазып жатқанымызда Алла елшісі:

«Нені жа-

зып жатырсыңдар?», – деп сұрады. Біз: «Сенен естіген

хадистерді жазып жатырмыз», – дедік. Ол: «Алланың

кітабынан басқа кітап па? Сендерден бұрынғы

үмбеттер Алланың кітабымен бірге басқа кітаптар

жазғаны үшін адасты»

деген сынды риуаяттар хадистің

Алла елшісінің заманында мүлде жазылмағандығына

дәлел бола алмайды. Себебі, Алла елшісінің хадистердің

қағазға түсірілуін құптамағандығын білдіретін осындай

риуаяттар мен оларды жазуға рұқсат берген жоғарыда

келтірілген хадистерді бір-бірімен ұштастырып былай

түсінуге болады:

Біріншіден, исламның алғашқы кездерінде, Құран

аяттарының әлі санаға толық сініп, сахабалардың жадына

әлі басылмаған уақыта Алла елшісі өз хадистерінің жа-

зылуын құптамаған. Себебі, Құран мен хадистердің бір-

бірімен араласып кету қаупі бар еді. Кейіннен Құранды

көптеген сахабалар жатқа біліп, қоғамда Құран жақсы

қалыптасқаннан кейін хадистердің жазылуына рұқсат

берген.

Екіншіден, жоғарыдағы келтірілген риуаяттағы

тыйым ол хадистердің қағазға түсірілуіне қатысты жал-

пы тыйым емес, Құран аяттары мен хадистердің бір

қағазда, яки бір тақтайшада бірге жазылуына байланыс-

ты айтылған тыйым болатын. Себебі, мұнда аят пен

хадистің араласып кету қаупі басым еді.