Previous Page  263 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 263 / 288 Next Page
Page Background

263

Дін мен Діл

бірқатар табиғиндерді хадистерді жинап, қағазға түсіруге

міндеттейді. әз-Зүһри былай дейді:

«Омар ибн Абдил-

Азиз біздерге хадистерді жинауды бұйырды. Сөйтіп

біз оларды дәптерлерге жаздық. Омар ибн Абдил-Азиз

өзінің қарамағындағы барлық жерлерге хадис жазылған

дәптерлерден жіберді»

327

.

Омар ибн Абдил-Азиздің

хадистерді ресми жинақтауға байланысты бастамасы тек

Мәдина қаласының ғалымы Зүһридің шұғылдануымен

ғана шектелмей, Меккеде Абдул-Мәлик ибн Абдила-

зиз ибн Жүрәйж, Иракта Сайд ибн Әби Аруубә, Шамда

Әузағи, Куфада Зайда ибн Қудама мен Суфиян әс-Сәури,

Басрада Хаммад ибн Сәлама және Хорасанда Абдуллаһ

ибн Мүбәрак секілді ғалым тұлғалар тарапынан жалғасын

тапты.

Мұхаммед Ажжаж әл-Хатиб хадистердің ресми

түрде жинала бастаған шағын бұдан да әрірек апара-

ды. Ол мысыр әміршісі Абдул-Азиз ибн Мәруанның

Сирияның Хымс қаласынының ғалымы Кәсир ибн Мурра

әл-Хадрамиға Хымстағы сахабалардан хадистер жинауын

өтініп хат жолдағанына байланысты сахих жолмен жет-

кен риуаятты негізге алып отыр

328

. Егер Кәсир ибн Мур-

ра Мысыр әміршісі Абдул-Азиздің өтінішін орындаған

болса, онда хадистердің ресми түрде қағазға түсіріліп,

жанақталуы һижри 70 жылдарда, яғни пайғамбарымыз

қайтыс болғаннан кейін шамамен алпыс жылдан кейін

басталған деген тұжырымға баруға болады.

Риуаят күйінде жеткен хадистердің өзгеріске

ұшырамаған пайғамбарымыздың шынайы сөзі екендігін

анықтау үшін ғұламалар арнайы ғылыми тәсілдерді да-

мытып, байытты. Сол тәсілдер бойынша хадистердің

327

Мұхаммед Ажжаж әл-Хатиб, әс-Суннату қаблат-тадуин, 332-бет.

«Мәктабуту уәһба»

баспасы, ІІ басылым, 1988ж

328

Мұхаммед Ажжаж әл-Хатиб, әс-Суннату қаблат-тадуин, 374-375

беттер.

«Мәктабуту уәһба»

баспасы, ІІ-басылым, 1988ж