266
Дін мен Діл
Мысалы, хадисті жоққа шығарушы Әбу Райяның
қисынға қайшы деген Алла елшісінің:
«Жұмақта
көлеңкесінде салт жүргіншінің жүз жыл жүретіндей
үлкен ағаш бар»
330
деген хадисіне қарайықшы. Әбу
Райя бұл хадистің қай жерін ақылға қайшы санап тұр?
Үлкендігін бе? Ол жатырқайтындай нәрсе ме екен,
тәйірі? Олай дейтініміз, біріншіден, бұл өсімдік – бұл
дүниелік өлшемдерімен емес, ақыреттегі заңдылықтарға
бағынатын ағаш. Ал ақыреттегі өлшемдерді мына
дүниенің физикалық заңдарымен өлшеу үлкен қателік.
Алла Тағала құдси хадисте:
«Мен салиқалы құлдарыма
жұмақта мүлде көз көріп, құлақ естімеген, ақыл ойлап
пайымдамаған сый әзірледім»
демейді ме? Тіпті ақырет
әлемін былай қойғанда, мына дүниенің өзінде өлшемдер
мен заңдылықтар түрлі болып келеді. Мысалы, жердегі
уақыт өлшемі мен ғарыштағы уақыт өлшемі бірдей емес.
Ояу кезде көздің көруі үшін оның ашық болуы, көретін
нәрсенің алдыңда әрі материалды болуы және оның
қараңғыда емес, жарықта болуы ләзім. Осы заңдылықтар
орындалған кезде ғана біз көре аламыз. Ал ұйқы кезінде
түс әлемінде көзіміз жұмылып жатса да көреміз, қолымыз
тимесе де түрлі заттарды ұстаймыз. Бұл ояу кездегі
көру мен ұйқы сәтіндегі көру өлшемдерінің түрлілігін
білдірмейді ме? Ана құрсағындағы сәбидің қоректенуі
мен дүниеге келген баланың қоректену жолы, тіпті тыныс
алу тәсілі де өзгеше. Құрсақта кіндік арқылы қоректенсе,
сыртқашыққаннан кейін аузыарқылыеміп, мұрныарқылы
дем алады. Ал енді сырттағы өлшемге салып,
«баланың
құрсақта кіндік арқылы қоректенуі мүмкін емес, бұл
ақылға қайшы»
десек, қаншалық қателескен боламыз.
Ендеше, ақыретке қатысты айтылғандарды бірден мына
дүниенің тар заңдылықтарымен өлшеу үлкен қателік.
330
Мүслим.