Previous Page  265 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 265 / 288 Next Page
Page Background

265

Дін мен Діл

Ориенталистер небір кемеңгер, данышпандарды

тәнті еткен Алла елшісінің бір сөзі бір томға татитын-

дай терең мәнді мыңдаған ғұмыршаң хадистерін емес,

онсыз да ислам ғалымдарының мойындамаған әртүрлі

әлсіз хадистерді немесе бір қарағанда ақылға қайшы

секілді көрінетін бірнеше сахих хадистерді әр жерден

жинап-теріп пайғамбар хадистерінің бәрін кейіннен

ойдан шығарылған қисынсыз сөздердің жинағы сияқты

көрсетуге тырысуда. Бұл әрекеттерімен олар діни ілімі

таяз халықтың басын қатырып, пайғамбарға деген иман-

дарына сызат түсіруді мақсат етуде.

Олардың ақылға қайшы деп таныған кейбір са-

хих хадистері, шын мәнінде, ақылға да, нақылға да

қайшы емес. Бір қарағанда, қисынсыз секілді көрінетін

хадистердің негізінде өзінше терең түсіндірмесі мен

ғажайып жорамалы бар, яки ауыспалы мағынада рәміздік

кейіпте айтылған.

Әсілінде, жалаң ақылдың бүгін тура дегені ертең

қате болып жатады. Бұған кеше ақиқат саналғанымен

бүгін шикілігі әшкереленіп жатқан түрлі

«измдер»

мен

кейбір ғылыми болжамдардың өзі дәлел емес пе? Белгілі

бір дәуірдің қол жеткізген мүмкіншіліктерінің аясында

дұрыс пен бұрысты анықтау – әрине қате. Мысалы, осы-

дан жүз жыл бұрын ұялы телефонның бар екенін айтса,

сол кездің адамдары мұны

«ертегі немесе айтып тұрған

адам ақылынан адасқан шығар»

деп сенімсіздік таны-

туы мүмкін еді. Ал сол кешегі ақылға сыймайтын ұялы

телефон бүгін әркімнің қолында жүр. Әрі бұған ешкім

таң қалмайды. Сондықтан бір қарағанда, қисынға қайшы

секілді көрінген кейбір сахих хадистерді асығыстық жа-

сап, бірден жоққа шығару өзімізді ертең ұятқа қалдыратын

үлкен қателік. Міне, сондықтан Абай жалаң ақылды емес,

«нұрлы ақылды»

үнемі насихаттайды.