Previous Page  247 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 247 / 288 Next Page
Page Background

247

Дін мен Діл

болады деген пікірде болды. Харижилардың осы тәрізді

басқа да жаңсақ пікірлерінің одан әрі жайылуына және

Құран аяттарын қалауларынша қате тәпсірлеулеріне ха-

дистер бөгет болғандықтан, олар сүннетті жоққа шығаруға

кірісті. Харижиттердің кейбіреуі барлық хадистерді жоқ-

қа шығарса, енді бір тобы өздерінің пікірлеріне қайшы

келетін хадистерді терістеді.

Исламдінініңқанатжаюыменбірге әр түрлі сенімдегі

адамдар мен түрлі пәлсапалық пікірлер мұсылмандар

арасына кіре бастады. Осы кезде

«Мұғтазила»

атты

ағым грек философиясының ықпалына жалаң ақылмен

қарсы тұруға тырысты. Сөйтіп ислам негіздері мен

ұстанымдарын өздерінің жалаң ақылдарына сай

жорамалдауға кірісті. Нәтижесінде, харижилер секілді

бұл топ та өздерінің жаңсақ жорамалдарына сай емес

хадистерді жоққа шығаруға мәжбүр болды.

Ислам

ғұламаларының

қажырлы

еңбегінің

арқасында Харижилар мен Мұғтазила секілді сүннетті

жоққа шығаратын топтардың ықпалы азайып, бүліктің

беті қайтарылды. Хадис ғұламаларының хадистердің

сахихы мен әлсізін, ақиқаты мен жалғанын ажыра-

татын «хадис ғылымының» дамуы нәтижесінде ха-

диске деген күмән сейіліп, өз мүдделеріне сай етіп

хадистерді ойдан шығарып, таратуға тырысқан кейбір

топтардың беті ашылды. Ислам әлемінде хадисті жоққа

шығару бүлігі осы жерде тоқтап, ХІХ ғасырдың орта

шенінде батыс шығыстанушыларының, басқаша айтсақ,

ориенталистердің қоздыруымен қайта бас көтерді.

Әуелі ориенталистердің кімдер екеніне тоқтала

кетейік. Ориентализм – шығыстану ілімі. Ал

«ориен-

талистер»

деп шығыстың, әсіресе мұсылмандардың

тілін, әдебиетін, мәдениетін және сенімдері мен дінін

зерттейтін батыстың ғалымдарын айтады. Бәрімізге