243
Дін мен Діл
бірқатар сахих хадистерінде үмбетіне Құранмен қатар
сүннетті ұстанудың тура жолдан таймаудың кепілдігі
екендігін ескертіп кеткен.
– Тарихта сүннетті жоққа шығару бүлігі алғаш
рет қашан туындаған? Оның шығуына сыртқы
дұшпандардың әсері болған ба?
– Сүннетті жоққа шығару бүлігінің шығатынын
Пайғамбарымыз (с.а.у.) сонау он төрт ғасыр бұрын
мұғжиза ретінде хабар беріп кеткен. Алла елшісі (с.а.у.):
«Маған Құран және тағы да сондайы (сүннет) берілді.
Жақында қарны тоқ, күрсісіне жантайған біреу «Сен-
дерге Құран жеткілікті. Ол жерде не халал болса,
соны халал деп біліңдер. Ал не харам болса оны да со-
лай қабылдаңдар» дейді. (Сосын пайғамбарымыз (с.а.у.)
былай деп сөзін жалғастырды:) Алла елшісінің харам
еткені де Алла Тағаланың харам еткеніндей екенін
ұмытпаңдар»
304
.
Пайғамбарымыз бұл хадисінде Алла та-
рапынан өзіне Құранның жанында хадистің берілгендігін
білдірумен қатар көп ұзамай қарны тоқ, жұмсақ орынға
жантайып жатып, дүниенің рахатын іздеген құлшылыққа
құлықсыз адамдардың хадиске қарсы шығатынын ал-
дын ала қалайша дөп басып суреттеген?! Шынында да,
хадиске қарсы шыққан адамдардың көбі құлшылыққа
құлықсыз, нәпсілерінің жетегіне ерген адамдар екенін
білеміз. Себебі, бес уақыт намаз оқиын десе, нәпсілеріне
ауыр. Оқымайын десе, Алла елшісінің бес уақыт намаз
оқудың парыздығы мен оны оқымаудың күнәсі айтылған
хадистері тұр. Осыдан келіп намаздың бес уақыт
екенін, рәкат сандарын нақтылап айтқан Алла елшісінің
хадистерін жоққа шығарады да, Құранда айтылған намаз-
ды тілдік мағынасына сүйеніп
«жай мінәжат етіп, дұға
304
Сунану Әби Дәуід. 4-том, 200-бет.
«Дәрул-фикр»
баспасы.